Аманаттықтар 70 млн теңгенің құрылыс материалдарын су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жеткізеді

Аманаттықтар 70 млн теңгенің құрылыс материалдарын су тасқынынан зардап шеккен аудандарға жеткізеді

«AMANAT» партиясының атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың тасқыннан зардап шеккен өңірлердегі жұмысы жалғасып жатыр. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді қалпына келтіру мәселелерін көтерді. Партия зардап шеккен аудандарға 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 101 үй, Батыс Қазақстан облысында 80-ге жуық үй тасқыннан зардап шекті. Су басқан елді мекендердің тұрғындарымен кездесуде «AMANAT» партиясының мүшелері бөлінген көмектің адамдарға жеткен-жетпегенін нақтылап, үйлерді қалпына келтіру үшін тағы қандай көмек қажет екенін анықтады.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Ерлан Сайыров зардап шеккен аудандарға он күн ішінде «AMANAT» партиясы 70 млн теңгеден астам сомаға құрылыс материалдарын жеткізетініне уәде берді. Ең алдымен, цемент, сылақ (шпатлевка), линолеум және өзге де қажетті материалдар жеткізіледі.

«AMANAT» партиясы әрқашан халықпен бірге. Бұл жолы да партиялықтар шет қалған жоқ. Он күн ішінде партия есебінен үйлерді қалпына келтіруге қажетті құрылыс материалдары сатып алынып, зардап шеккендерге жеткізіледі», – деді Ерлан Сайыров.

Депутаттыққа кандидат жыл сайын тасқын белгілі бір жерлерде ғана болатынын, бірақ оның алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылданбайтынын атап өтті. Сондықтан партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған міндеттің бірі – тұрғындарды маусымдық су тасқынынан қорғау және гидротехникалық құрылыстар жүйесінде тәртіп орнату. Мәжілістің жаңа шақырылымында «AMANAT» партиясының фракциясы тасқын мәселесін заңнамалық деңгейде шешуге кіріседі.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі жеке талқыланды. Мәжіліс депутаттығына кандидат Ербол Салықовтың айтуынша, «AMANAT» филиалдары өтемақының әділ әрі уақтылы төленуі мәселесін бақылауға алады.

Аманаттықтар тұрғындарға «AMANAT» партиясының Ақтөбе облысы бойынша өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында алдағы 5 жылда 8 бөгетке күрделі жөндеу жүргізуге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.

2028 жылға дейін Батыс Қазақстан облысында 9 магистральді су арнасы және 7 қолданыстағы су қоймасы қайта жөнделеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста