Қатерлі ісікті ерте анықтау бес жылға дейін ұзақ мерзімді ремиссияға қол жеткізуге және толық емдеп жазуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы онкологиялық орталығының бас дәрігері Нұрсұлтан Ізбағамбетов хабарлады.
«Қазіргі уақытта сүт безі обыры, жатыр мойны обырына шалдыққан пациенттердің 70%-дан астамының өмірі ем қабылдағаннан кейін бес жылдан да ұзақ өмір сүреді. Ал егер ерте анықталған жағдайда бұл көрсеткіш 90%-дан асып жығылады. Кем дегенде бес жылдық өмір сүру көрсеткіші әр ауру бойынша әр түрлі болып келеді. Бірақ ауру неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым жақсы емделетіні анық», - деді онколог.
Нұрсұлтан Избагамбетов бүгінде Алматыда скринингтік зерттеулер диагностиканың компьютерлік томография (КТ), магнитті-резонанстық томография (МРТ), позитронды-эмиссиялық томография (ПЭТ), эндоскопиялық зерттеу, генетикалық тестілеу сынды тағы да басқа заманауи әдістері қолданылады.
«Қазақстанда скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарлама болып табылады. Бағдарламаға сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, тоқ ішек пен тік ішек обырын ерте анықтауға арналған онкологиялық скрининг түрлері енгізілген. Өйткені қатерлі ісіктің бұл түрлері халық арасында жиі кездеседі. Скринингтен тіркелген емханада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүргізіледі», - деді Нұрсұлтан Избагамбетов.
Алматы қаласы №11 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Айнаш Әмірқазинованың айтуынша, жыл соңында учаскелік емхана желісі скринингтік тексеруден өтетін контингенттің тізімін қалыптастырады.
«Жаңа жылдан бастап учаскелік медбикелер медициналық ақпараттық бағдарлама арқылы жас ерекшелігіне қарай скринингтен өтетін адамдарды скринингке шақырады. Сондай-ақ емханада дәрігерге дейінгі тексеру кабинеті бар, медбикелер науқастың жасына сәйкес скрининг туралы хабарлайды. Өкінішке қарай, барлық пациенттер скринингке келісе бермейді. Мұндай жағдайда медицина қызметкерлері бұл процедурадан өтудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деді ол.
Қатерлі ісік бастапқыда ешқандай белгі бермейді. Сондықтан белгілі бір жасқа келгенде міндетті түрде скринингтерден өту қажет.
Тиімділігі дәлелденген қатерлі ісік скрининг түрлерін еске сала кетсек,
40-70 жас аралығындағы әйелдерде сүт безі обырына маммографиялық скрининг, 2 жылда бір рет;
30-70 жас аралығындағы әйелдерде жатыр мойны обырына цитологиялық скрининг жүргізу, 4 жылда бір рет;
50-70 жас аралығында, жасырын қанға анализ, колоноскопия арқылы тоқ ішек және тік ішектің қатерлі ісігіне скрининг, 2 жылда 1 рет.
Естеріңізге сала кетсек, профилактикалық скринингтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондықтан скринингтен өту үшін пациент сақтандырылған болуы шарт. Әлеуметтік жағынан қорғалмаған 15 санатқа жататын 11 млн жуық адам мемлекет тарапынан сақтандырылады.
Алматылық онкологтар халықты скринингтен өтуге шақырады
Последние статьи автора