Алматылық нейрохирургтер жаңа жоғары технологиялық қондырғының көмегімен 45 жастағы әйелдің омыртқасына ота жасады

Алматылық нейрохирургтер жаңа жоғары технологиялық қондырғының көмегімен 45 жастағы әйелдің омыртқасына ота жасады

Оңтүстік астанадағы Орталық қалалық клиникалық аурухана нейрохирургтері нейронавигациялық жүйемен жұмыс істейтін жоғары технологиялық қондырғы көмегімен күрделі операциялар жасай бастады. Медициналық қызметтің бұл түрі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті арқылы көрсетіледі.
ОҚКА баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, алғашқы ота 45 жастағы әйелге жасалған. Беломыртқасының бірнеше жерінде спондилолистез пайда болған пациент ауруханаға келгенде аяғын баса алмайтын. Болмашы қимыл-қозғалыстың өзін қатты ауырсынатын. Тексере келе бұған дейін әйелге елдегі бірнеше клиникада үш рет ота жасалғаны белгілі болды. Алайда бірде-бірі көмектеспеген.
Дәрігерлердің айтуынша, спондилолистез – бір омыртқаның орнынан қозғалып, жоғары немесе төмен жылжуы дегенді білдіреді.
«Спондилолистез салдарынан омыртқаның пішіні бұзылады, омыртқа арасындағы канал тарылып, стеноз пайда болады. Сонымен қатар, омыртқадағы жүйке тамырлары қысылады. Біздің пациентіміз жүріп-тұра алмағандықтан, шұғыл түрде хирургиялық көмек көрсету туралы шешім қабылданды», - дейді ОҚКА нейрохирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Алматов.
Бұрын мұндай операциялар рентген сәулемен жұмыс істейтін электронды-оптикалық күшейткішпен жасалатын. Жоғары технологиялық қондырғы отаны мейлінше жеңілдетті. Оған қоса, жаңа қондырғы операцияны асқан дәлдікпен жасауға мүмкіндік береді.
«Операция омыртқаларды бекітіп, қысылған жүйке тамырларына түскен қысымды азайтуға бағытталды. Ота барысында қысылған омыртқа каналы босатылып, 3 жерден омыртқааралық имплант орнатылды. Жоғары технологиялық ота 5 сағатқа созылды. Пациент үшінші күні аяққа тұрды», - дейді Марат Алматов.
Қазір пациенттің жағдайы жақсы. Ол отадан кейін 12 күн өткен соң ауруханадан шығарылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста