Алматылық ер адам 20 жыл бұрын пойызда танысқан қызды іздейді
Алматының 44 жастағы Ержан есімді тұрғыны 20 жыл бұрын пойызда танысқан қызды істестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Ер адамның туысы журналистерге бұл оқиғаның 1995 жылы басталғанын айтады. Ол кезде Ержан Алматы - Мәскеу бағытында жүретін пойызда жолсерік болып қызмет еткен.
"Ағам сол кездері Батыс Қазақстан облысынан шыққан қызбен танысқан. Болжаммен оның есімі Гуля. Қыздың нақты есімін ағам білмейді. Ол орыстілді, арықтау келген, қараторы, бойы биік емес болған. Олардың арасында қарым-қатынас пайда болып, кездесе бастаған. Кейінірек Гуля ағама жүкті екенін айтқан. Ержан жас болған, сол себепті қызға керек емес сөздерді айтып тастаған. Осы әрекеті үшін ол әлі күнге дейін өкінеді. Соңғы кездесуінде ол баланы алып тастамайтынын, өзі үшін босанатынын айтқан", - дейді Абзал Әбілов.
Осы оқиғадан соңғ Ержанды Алматы - Атырау бағындағы аойыздың жолсерігі етіп ауыстырған. "Жұмыс берушілер оны бір айдан соң қайтадан Алматы - Мәскеу бағытына қоятынын айтқан. Алайда олай істемеген. Ол жылдары ұялы телефон не әлеуметтік желі болмаған. Көп уақыт өткен, ағам қызбен байланыс үзген. Екі үш жылдан соң ағам нәрестенің жылап жатқанын және әкесін шақырып тұрған түс көре бастаған. Қыздың мекен-жайын біз білмейміз. Бәлкім ол Оралда немесе Ақсайда тұратын болуы керек. Полицияға хабарласқанымыз жоқ. Ағам қыз бен баланы тауып, өз қамқорлығына алғысы келеді. Ол өз ісіне қатты өкінеді".
Ержан өзі Алматыда тұрады. Оның отбасы бар және балаларын тәрбиелеп отыр. Оның жары бұл оқиғаны біледі және күйеуінің бастамасына қарсы емес.
"Көп уақыт өтіп кеткенін білемін. Алайда біз бір ғажайып болатынына сенеміз. Егер осы оқиға біреуге таныс болса, өтініш бізге хабарласыңыздар. Бұл біз үшін өте маңызды", - деді алматылықтың туысы.
Абзал Әбілов қандайда бір мәліметті білетін адамдар мына нөмірлерге хабарласуын сұрайды: 8-778-555-57-86, 8-771-444-22-22.