Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 14:07-де Қытай аймағында жер сілкінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сейсмикалық тәжірибелі-әдістемелік экспедиция ақпаратына сілтеме жасап.
Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 413 км қашықтықта Қытай аймағында жатыр. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. MPV магнитудасы - 4.7. Ошағының бағыты - 39.76° с.е 75.04° ш.б. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат жоқ.