Алматыдағы дауыл: 36 тал құлағаны туралы хабар түсті

Алматыдағы дауыл: 36 тал құлағаны туралы хабар түсті

Алматыда екпінді жел, жауын-шашын мен қар аралас жаңбыр салдарынан қала аумағында ағаштар мен бұтақтардың құлау фактілері тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, табиғаттың дүлей күшінің салдарын жою жұмыстарын аудандық әкімдіктердің мердігер ұйымдары мен Алматы қаласының құтқару қызметі жүзеге асырып жатыр. 29 наурыз күнгі сағат 19:00-дегі жағдай бойынша «112» желісіне ағаш құлауға қатысты 36 қоңырау келіп түскен. 31 ағаш, 5 үлкен бұта құлаған, оның ішінде 21 ағаш көліктерге құлаған. Пульттік мониторинг қызметінің ақпаратына сәйкес, бұтақ құлауынан 1 ересек адам болмашы дене жарақатын алған. Барлық тіркелген жағдай бойынша аудандық төтенше жағдай бөлімдері, аудандық әкімдіктердің мердігер ұйымдары мен Алматы қаласының құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр. Жасыл экономика басқармасының ақпаратына сәйкес Алматыда 2,8 млн тал болса, оның 84,6 мыңы шіріп, құлағалы тұр. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, негізінен қауіпті ағаштар қаланың орталық және шет аймақтарында тұр. «Аудан әкімдіктерінің аппараттары мен Жасыл экономика басқармасы бірлесе отырып қауіп тудырып отырған ағаштарды кесіп, орнына жас талдар отырғызып, қаланың жасыл қорын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп келеді»,-делінген хабарламада.
ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста