Алматыда Боралдай елді мекенінде үшінші теміржол вокзалы салынатын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаевқа сілтеме жасап жазды.
Оның айтуынша, Алматы-3 вокзалының құрылысын «Қазақстан темір жолы» АҚ ұсынған. Мұндай мүмкіндік жолаушылар ағынының жүктерін түсіруге мүмкіндік береді.
«Қазір Сайн көшесі арқылы Боралдай ауданына қатынайтын негізгі жол салу жоспарланып отыр. Жаңа вокзал Алматының бүкіл батыс аймағын қамтиды. Үшінші вокзалдың базасында көлік-логистикалық хабты дамытуға болады»,- деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев.
Бұған дейін Ерболат Досаев Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысы басталатынын айтқан еді.
Әкімнің сөзінше, 2025 жылға дейін Құлжа тасжолы мен Боралдай-Шамалған трассасын, 2030 жылға дейін Талғар трактісі мен жоғарғы Қаскелең жолы кеңейтіледі.