Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

 
Полиция мен Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталып қамауға алынды.

Олардан қару-жарақтың арсеналы табылып, ұсталғандар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілініп отыр.

Ұсталған қылмыстық топтың бес мүшесі қару-жарақты Алматы облысының түкпір-түкпіріне тығып кеткен. Тінткен кезде жасырын қоймадан екі Калашников автоматы, 60-тан аса аңшы мылтығы, 10 шақты тапанша, винчестер және радиобайланыс құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, оқ өтпейтін кеудеше, 6 жарық шулы граната, 200-ден аса оқ-дәрі табылды. Тәртіп сақшылары қару-жарақ сақталған жасырын орынды кеше анықтаған. Табылған арсенал сараптамаға жіберіліп, оның иелері анықталады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Бұл қару-жарақтың қайдан алынғаны, кімге тиесілі екені міндетті түрде тексеріледі. Еліміздегі қаңтар оқиғаларына қатысы бар деген күдігіміз бар. Оны тексеретін боламыз. Қазір осы дерекпен ҚК 287-бабының 3-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды. Бұл баптың санкциясы 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделген», - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста