Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті қалалық спорт басқармасының бұрынғы басшысына және басқа адамдарға қатысты 367,5 млн теңге ұрлау фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазіргі уақытта қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жүргізілуде.
«Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Е. Бабақұмаров осы қылмыстық іс бойынша күдікті емес. Одан ақшалай қаражат бөлу және «Спорттық Алматы» кешенді қалалық бағдарламасын іске асыру мән-жайлары бойынша куәгер ретінде жауап алынды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.