Ең ауыр жаза 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде тағайындалды
Алматы соттарына қаңтар оқиғасына байланысты 82 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2022 жылғы 5 наурыздағы жағдай бойынша сот қарауында 41 іс бар, ал 41 іс бойынша үкім шығарылды.
Қалалық соттың мәліметінше, келіп түскен істер 188-бап, 3-бөлім «тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық» бойынша қаралды, бұл екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ең көп іс Алматы және Әуезов қылмыстық соттарына келіп түсті.
Нәтижесінде жазаның ең жеңіл түрі – 40 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде, яғни 187-бап «ұсақ ұрлық» бойынша, ал ең ауыр жаза 188-бап «Ұрлық» бойынша 2,5-4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде тағайындалды. Сотта атап өтілгендей, тонаушылар бұл әрекетіне өкініп, келтірілген залалды өтеген. Жаза тағайындау кезінде мұның бәрі ескерілді.