Алматыда перзентханадан шыққан соң көз жұмған әйелдің оқиғасына қатысты тексеру басталды

Алматыда бала босанғаннан кейін белгісіз жайттардан көз жұмған келіншектің туыстары бұған дәрігерлер кінәлайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Малинам тамыз айында ұл босанып, перзентханадан шығыпты. Алғашында баласының да, өзінің де денсаулығына шағымданбаған ол кейіннен аяқтарының қатты ісігенін айтқан. 

 
"Аяғы қатты ісіп кетті. 5 күн солай жүрді, кейіннен тіпті тұра алмай қалды. Перзентханаға барып көрініп еді, ондағы дәрігерлер қызымның жағдайы бала туумен байланысты емес екенін айтқан. Сызғанов атындағы ғылыми орталықтан барып, УЗИ-ден өттік. Аяғында тромб түзілген болып шықты", - дейді марқұмның анасы Зайдунам Измахунова. 

Малинамды емделуге перзентханаға жатқызыпты. Алайда оның аяғындағы тромб үзіліп, келіншек комаға түскен. Жақындары бұған дәрінің мөлшерін дұрыс есептмеген дәрігерлер кінәлі дейді. 

"Қандай препарат егіп жүр деп сұрап едік, бізге дәрінің суретін жіберді. Кеше салды, бүгін салмады деп айтты. Содан кейін тамызғыш пен аяғыма жақпамай жақты деп айтты. Біз перзентхананы тексерсе екен дейміз. Жарымның артынан зар жылап қалдық, мұндай жағдай екінші рет қайталанбаса екен дейміз", - деді марқұмның жұбайы Расул Маруп. 

Комаға түскен әйелді қалалық 4-ауруханаға ауыстырған, өкінішке орай, жас ана сол жақта тіл тартпай кетеді. Қара жамылған отбасы  алғашында дәрігер жауапқа тартылады дегенге сенбеген. Десек те қазіргі таңда оқиғаға қатысты қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы тексеру жұмыстарын бастап кетіпті. 

"1995 жылғы әйелдің өліміне қатысты Алматыда комиссия құрылды. Тексеріс аяқталғаннан кейін шаралар қолданатын боламыз", - деп мәлімдеді басқарманың бас маманы Самал Саурова. 

Бқған қоса, олар келіншек емделген барлық мекемелер: емханадан - ауруханаға дейін тексерілетінін жеткізді. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушысы дәрігерлердің кесірінен қаза болған әпкесі туралы жазған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста