Алматыда Конституция күніне ұйымдастырылатын концерттерді қайда көруге болады?

Алматыда Конституция күніне ұйымдастырылатын концерттерді қайда көруге болады?

Қалалық әкімдік өкілдері Алматыда ҚР Конституциясы күні қалай өтетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыда мерекелік концерт 29 тамызда сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Іс-шараға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады: "МузАрт" және "Жігіттер" тобы, Қайрат Нұртас, Мархаба Сәби, Калифорния, Yenlik, Ильхан Исханов, Жанар Дугалова, Hey Monro және т. б.

Қонақтар мен қала тұрғындары үшін сахна экрандарында тақырыптық бейнелері бар 13 музыкалық нөмір ұсынылады. Сондай-ақ, 30 тамызда Конституция күніне орай бірқатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық аудандарында өтеді.

Әуезов ауданында салтанатты іс-шара 29 тамызда сағат 11:00-де, Family Park демалыс саябағында өтеді
Наурызбай ауданында эстрада жұлдыздарының қатысуымен Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығында (Шұғыла шағынауданы, 347/4) өтеді
Алатау ауданында Конституция күніне арналған концерт 29 тамызда сағат 16:00-де Атлетикалық ауыл аумағында өтеді
Бостандық ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 29 тамызда сағат 17:00-де MEGA Alma-Ata СОО амфитеатрында өтеді
Түрксіб ауданында қазақстандық жұлдыздар мен көркем ансамбльдердің қатысуымен мерекелік бағдарлама 29 тамызда сағат 18:00-де Сейфуллин даңғылы, 13/1 бойынша №6 оқушылар үйінің аумағында өтеді. Аудандық мереке туды салтанатты түрде шығаруды, әнұранды орындауды, 16 жастағы азаматтарға жеке куәліктерді табыстауды, ұтыс ойындары мен конкурстарды, сондай-ақ ашық аспан астында кино көрсетуді қамтиды
Жетісу ауданында Конституция күніне орай салтанатты концерт 29 тамызда сағат 19:00-де "Гүлдер" саябағында, Серіков көшесі, 2а
Медеу ауданында Конституция күніне арналған мерекелік концерт 30 тамызда сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Гоголь көшесі, 1-де өтеді
Алмалы ауданында концерт 30 тамызда сағат 17:00-де Сейфуллин даңғылы, 483 мекенжайы бойынша Mega Park СОО аумағында өтеді

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста