Алматыда 37 мың оқушыға арналған 22 мектеп салынады

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бастап Алматыда республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Өткен жылдың қыркүйек айында қабылданған «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» стратегиясын іске асыру аясында біз сапалы білім беруді дамыту бойынша жол картасын әзірледік. Бүгін біз қол қойған Жол картасы орта білім беру мәселелерін шешу, педагогтеріміздің біліктілігін арттыру және басқа да маңызды мәселелермен толықтырылғанына қуаныштымын», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Алматы қаласы әкімдігі мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы мәселесін шешу үшін 2029 жылға дейін балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты 35 мың орынға ұлғайтуды жоспарлап отыр. Мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешілуде. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023 жылдан бастап республикалық бюджет есебінен 37 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысын бастау жоспарланды. Орта білім беру ұйымдарына тағы 30 мектеп пен 9 қосымша құрылыс салу 2025 жылға дейін орын тапшылығын 23 мыңға азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 50 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі, 200-ге жуық мектепке заманауи пәндік кабинеттер мен интерактивті тақталар алынады.

Бірқатар іс-шаралар инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған. Жоспар бойынша, ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырыс 1400 орынға арттып, қалалық инклюзивті ресурстық орталық құрылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста