Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы полициясы ерекше статистика жүргізді.
 «Бүгінгі таңда Алматы қалалық Полиция департаментінде Нұрсұлтан есімді 41 тәртіп сақшысы қызмет атқарып келеді. Оның 11-і Тәуелсіздіктің құрдастары. Аталған полиция қызметкерлері өздерінің есімдерін мақтан тұтады әрі өз қызметтеріне адал, кәсіби маман. Олар Отан алдындағы қызметін және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянбай еңбек етуде», &ndash деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбдуәли Нашарбеков.