Алматы облысында әкім отставкаға кетті
Әкімдіктің баспасөз қызметі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметтік орнын босатқанын растады
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен отставкаға кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі Қуанышбек Қашқымбаевтың өз еркімен қызметтік орнын босатқанын растады.
"2021 жылдың 12 ақпандағы актив жиынында әріптестеріне қызметінен өз қалауы бойынша кететіні туралы хабарлады. Сондай-ақ әріптестеріне қысқа уақыт аралығындағы жұмысы үшін алғыс айтып, барлығына табыс тіледі", - деді әкімдіктің баспасөз хатшысы.
Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінде Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметіне кіріскен еді. Қазір бұл қызметті әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев атқарып отыр.
Қуанышбек Қашқымбаев 1962 жылы туған. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.