Алматыдағы №164 балабақшаның үш қызметкері желіде жарияланған резонанс тудырған видеодан кейін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” басылымына сілтеме жасап.
Кадрда балалар шайға нан малып жеп отырған. Үстелдерде басқа ештеңе болмаған.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, басшы, медбике және әдіскер қызметтік міндеттеріне адал болмағаны үшін қызметінен босатылды. Топ мұғаліміне, қоймашы мен аспазға тәртіптік жаза қолданылды.
Сондай-ақ Алатау аудандық білім бөлімінің бас маманы мен қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысына "бақылауды әлсіреткені үшін" тәртіптік жазалар қолданылды.