Әлеуметтік желіде адамды өлімге итермелейтін жаңа тренд пайда болды

Әлеуметтік желіде адамды өлімге итермелейтін жаңа тренд пайда болды. Хайп қуғандар танымал тұлғалардың көз жұмғаны туралы ақпарат таратуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Желіде лүпіл мен қаралым санының соңынан қуған жастар енді өзгеге өлім тілеп, ел-жұртты шошытып жатыр. Әсіресе, әнші, вайнер, блогер, қоғамға белгілі басқа да танымал тұлғаларды алып, оларды марқұмдардың санатына қосу арқылы хайп қуғандар көбейген.  

 
Апта басында желіні шарлаған осы бір қаралы хабар Ерке Есмаханның есін шығарып, тыңдармандарын әбден шошытқан тәрізді. Өнер иесі өзгенің мұндай әзіліне дереу жауап қатты.  

"Маған соңғы кездері айтылып жатқан сөз көп, менің көңілімді түсіру үшін, жеке өміріме араласу үшін ойына келгендерін істеп жатқандарда көп! Енді бәрін қойып осындай қарғысқа көштіңіздер ме? Айтарға сөзім жоқ! Фанат болумен адам болуды шатастырыпсыздар”, -дейді Ерке Есмахан.

Бұл ретте Ерке хайп қуғандарға ешқандай шара қабылдамаймын деп шешкен екен.

Жастар арасында белгілі блогер - Азаматты да оқырмандары марқұмдардың қатарына қосыпты. Тик-ток желісінде тараған трендтің жаңа түрі бірқатар адамды қорқытып тастады. Елде әлі қатты белең алмағанымен, көрші Ресейде кеңінен тарап үлгерген. 

"Оның барлығын жасайтын кішкентай балалар ғой. Яғни, атақ жинағысы келетіндер, оқырманы аз, аудитория жинағысы келетіндер. Сондықтан олар солай біреу өлді деп хайп ұстау арқылы, аудитория тартқысы келген түрі деп ойлаймын", - дейді блогер Әсем Тұрдыбек. 

Заңгерлер жалған ақпарат таратқандарға жаза қатал деп ескертті. 

"Қылмыстық кодекске сәйкес, 3000 АЕК көрсеткішке дейін айыппұл немесе сол мөлшерде түзету жұмыстары немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан шектеу және сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазалары қаралған", - дейді заңгер Ботагөз Алпысбаева. 

Осыған дейін де халық әртісі Роза Рымбаева, әнші Төреғали Төрәліге қатысты да мұндай ақпарат тараған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста