Алексей Цой коронавирус пен пневмонияның жаңа статистикасымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қиын кезең артта қалды деп айтсақ артық болмас. Қазақстанда наурыз айынан бері 92662 адамнан індет анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуық науқас емделуде, қалғаны жазылып шықты. Өкінішке орай 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны едәуір азайып келеді. Ауруханаларда дәрі-дәрмектер жеткілікті. Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар үшін 52 мың төсек бар", - дейді Цой.
Сонымен қатар, министр не себепті статистиканың 1 тамыздан бастап қана есепке алынып жатқанын түсіндірді.
"ДДСҰ ұсынысымен пневмония мен коронавирус статистикасын біріктіруге шешім қабылдадық. Көбінде ДДСҰ 18 шілдеде хабарлады, ал Қазақстан тек 1 шілдеден бастап қана есепке ала бастады деген сұрақ туындап отыр. Мұның тек қана бір себебі бар. Бізге жаңа жүйе бойынша алгоритм жасап шығу үшін екі апта уақыт керек болды. Бұл өте қиын жұмыс. ПТР тест оң нәтиже көрсетсе, бұл әлдеқайда жеңіл. Ал теріс нәтже көрсеткенде коронавирустық пневмонияны анықтау өте қиын. Біз осы үшін мамандарды дайынададық", - дейді Цой.