Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Синоптик мамандардың айтуынша, тек оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде күн ашық болады. Ал Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауады деп күтілуде. Ертең бас шаһарымыз Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жауын-шашын болады. «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Саида Бердібекованың хабарлауынша, 29 шілдеде Астанада кей уақытта жаңбыр сақталады, найзағай байқалады, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде +1, +13 градус, күндіз +21, +23 градус болады деп күтілуде. 30 шілдеде Астанамызда жауын-шашынсыз, жел солтүстік-батыстан соғады. Түнде +11, +13, күндіз +24, +26 градус жылы күтілуде.
khabar.kz