«Алаш Медиа Групп» веб-сайттары – Қазнеттің үздіктері

Tengrinews.kz ақпараттық порталы Award.kz–2013 ұлттық интернет-сыйлығының бас жүлде­сін жеңіп алды. ХІ байқауда Vesti.kz, Massaget.kz және Аlashainasy.kz веб-сайттары да үздік деп танылды.
«Үздік масс-медиа» аталымы бойынша биыл да Tengrinews.kz жеңімпаз атанды. Бұл номинация бойынша екінші және үшінші орындар Kinozavr.kz киноафишалар порталы мен Forbes.kz іскерлік журналының сайтына берілді. «Қазақстан тарихы» порталы «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым» аталымы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. «Мәдениет және өнер» аталымында Рroza.kz, «Дене тәрбиесі мен спорт, медицина және денсаулық, саяхат және демалыс» аталымы бойынша Vesti.kz оқ бойы озық шықты. «Желілік сервистер» сынында PokazDoma.kz, «Корпоративтік сайттар» сынында Kcell.kz ең үздік деп танылды. Қазылар алқасы «Салалық және өңірлік порталдар» аталымының жүлдесіне жаңа машиналар жайлы Newauto.kz сайты лайық деп шешті. Алматы қалалық орталық мешітінің веб-ресурсы «Қоғамдық ұйымдар» аталымы бойынша биыл да жеңімпаз атанды. Есесіне, «Билік органдары және өзін-өзі басқару» аталымының сыйлығын биылғы дебютант – Қазақстанның Румыниядағы елшілігінің сайты иеленді. «Дербес беттер, танысу мен қарым-қатынас» дәстүрлі аталымы бойынша Horde.me блог-платформасы бірінші орынға ие болды. «Мемлекеттік тілдегі үздік сайт» аталымында алғашқы орын Massaget.kz ойын-сауық порталына, екінші орын Kinostan.kz-ке және үшінші орын «Алаш айнасы» басылымының онлайн нұсқасына берілді. «Қостілді үздік сайт» деп Kcell.kz, «Дизайны үздік сайт» деп Newauto.kz танылды. Арнайы енгізілген «Маркетингілік әлеует» аталымы бойынша Tengrinews.kz, «Мобильді қосымша» аталымы бойынша ұялы телефондарға арналған «Мой Beeline.kz» қосымшасы жүлдегер атанды. Биылғы байқаудың жаңа аталымы – «Үздік интернет-дүкен» сыйлығын Lamoda.kz ұтып алды. «Үздік веб-студия» атағы KaznetMedia-ға, «Жыл адамы» атағы Krisha.kz және Kolesa.kz сайттарының қожайыны – банкир Михаил Ломтадзеге бұйырды. ХІ байқаудың басты жүлдесі – Гран-приді Tengrinews.kz иеленді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста