Алакөл жағалауында үйректердің жаппай қырылуы демалушыларды үрейлендірді

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп Алакөл аралдарының бірінде құстардың жаппай қырылу фактісін тексерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аралтөбе аралында үйректердің өліп жатқандығы туралы Instagram-дағы "Клуб Добряков Астаны" тобына демалушылардың бірі хабарлады.

 

"Жақында Шығыс Қазақстан (Қабанбай ауылы, Аралтөбе аралы) жақтағы Алакөл көліне демалуға барып, көптеген өлген құстарды көрдім. Көбі - үйректер. Мен кішкентай аралдың өзінен 20-дан астам өлген құсты есептедім. Біз бір үйректі ұстап алып, оны табиғат қорғау ұйымының қызметкеріне құстардан анализ алу үшін бердік. Мен оған жақындадым, ол әрең қозғалып жатты", - деді ер адам.

"Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірлесіп, Алакөл көлінің Аралтөбе шағын аралына құстардың қырылу фактісі бойынша барып, қайтты. Аралды тексеру кезінде мамандар тоғыз өлі қызыл үйрек табылды. Мамандар Аралтөбе үлкен, орта және кіші аралдарын аралап шықты. Құстардың жаппай қырылуы тіркелген жоқ", - деп жазды Facebook-тегі парақшасында комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

 

Оның сөзіне қарғанда, қазіргі уақытта құстардың өлімі туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланған. Жақын арада олар зерттеу жүргізіп, үйректердің өлімінің себебін анықтауы керек.

Бұдан басқа, ғылыми ұйымдар, инспекция және экология департаменті қызметкерлерінің сапары ұйымдастырылды.

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста