Алаяқ жамбылдық тұрғынды 11 млн теңгеге алдап кетті
Жамбыл облысында алаяқ өз танысына «арзан көлік әперемін» деп алдап кеткен. Жәбірленуші танысының үстінен арыз жазып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Меркі ауданының полиция бөліміне 40 жастағы жергілікті тұрғын алаяққа алданғаны туралы шағымданған.
«Жәбірленушінің айтуынша, өткен жылдың шілде айында таныс адамы Toyota Hilux автокөлігін нарықтағы құнынан төмен бағада сатып алуға көмектесуге уәде беріп, одан 11 743 700 теңге алған. Алайда 9 айдан кейін уәде етілген көлікті де, ақшаны да алмағандығын айтты. Облыс орталығының 39 жастағы тұрғыны ұсталды. ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу