Академик Мұхтар Әлиев өмірден өтті

 Алматыда академик Мұхтар Әлиев 82 жасына қараған шағында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығына сілтеме жасап. Марқұммен қоштасу Ұлттық ғылым академиясында 13 қаңтар күні сағат 10.00-де өтеді.

Мұхтар Әлиев 1933 жылы 2 ақпанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап қыстағында дүниеге келген. Ол медицина ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының академигі болды. 1982-87 жылдар аралығында Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігін, 1980 жылдан бастап өзі негізін қалаған Сызғанов атындағы хирургия ғылыми орталығын басқарды.

Мұхтар Әлиев Хирургтердің халықаралық ассоциациясының мүшесі, Пирогов атындағы хирургтер ассоциациясының, Нью-Йорк ғылым академиясының және ГФР медициналық білім беру халықаралық академиясының мүшесі болды. Ол - "Халық қаһарманы", Алматы қаласының құрметті азаматы, "Отан" орденінің иегері, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі алғысхатының иегері, "Платиновый Тарлан" сыйлығының лауреаты. "Еңбек ардагері", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медальдерінің, "Жаратылыстану ғылымдары академиясының Абылай хан атындағы алтын медалінің, "ХХІ ғасырдың негізін қалаушылар" алтын медальдарының, "ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін" белгісінің иегері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Сонымен қатар, ол "Жыл адамы", "Әлем азаматы", "Көрнекті көшбасшы", "Әлем елшісі" атақтарын алған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста