Аян Мейірбаевтың әпкесіне қатысты іс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына берілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ІІМ өкілдері хабарлады. Tengrinews.kz
Аян Мейірбаев. Фото әлеуметтік желіден алынды
Айта кетейік, Аян Мейірбаев Астанада 23 жастағы студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істің фигуранты болған. ІІМ мәліметінше, өлтірілген студенттің мәйітін қаладан шығаруға көмектескен белгісіздерге қатысты қылмысты жасыру дерегі бойынша бөлек өндіріс қозғалды.
Еске салсақ, өлтірілген студенттің мәйітін Аян Мейірбаевтың әпкесі тапқан болатын. Ол Аянның көлігін жууға алып барғанда, студенттің мәйіті көліктің ішіне жасырылған еді. Ал бұдан бейхабар әпкесі мәйітті көрген соң полицияға хабар бермеген.
<video id="yaVideoPlayer_901365" preload="none" controls="" height="100%" width="100%"></video>