Аялдамаларды аямай тұр

Қызылжарда жолаушыларға сая болады деп қойылған жа­­ңа аялдамалар аяусыз қираты­лып жатыр. Осы жазда қала әкім­дігі шаһарды көркейту мақ­сатында және қоғамдық көлік жо­лаушыларына ың­ғай­­лы бо­луы үшін көше бо­йын­дағы аял­да­малардың бір­а­зын жаңартқан бо­латын. Отырмақ түгіл, маңына жақын­даудың өзі мұңға ай­нал­ған, те­мір мен бетоннан жасал­ған аялдамалардың орнын көк сырмен сырланған, келе жат­қан автобустарды бақылап оты­ру үшін екі жанына терезе қойылған жаңалары басқан-ды.
Бірақ олардың ғұмыры ұзақ болмады. Жазда қойылған 20 аялдаманың жар­тысының әйнектерінің күлпаршасы шық­қан. Әзірге тәртіп сақшылары бұзақы­лар­ды таба алар емес. Ал жауапты кәсіп­орын күтіп отырмай, аялдамаларды қайта­дан жөндеуге кірісіп те кетті.
Жамбыл көшесінің бойына қойылған  18, Жеңіс паркінің жанындағы екі жаңа аял­­дама ыңғайлылығымен қоса, қалаға ед­әуір сән беріп тұратын. Сол әсемдігі ұна­мады ма, қаскөйлер қолдарына түскен зат­пен ұрып, пластик терезелердің түгін қал­дыр­мапты.
Аяулым ЖҰМАЖАНОВА, Қызылжар қаласының тұрғыны:
– Жаңа аялдамалар өте ыңғайлы еді. Бұрынғыларымен салыстыруға келмейтін. Аялдамаларды сындырып жүрген жастар деп ойлаймын. Олар бұған қанша қаржы мен жұмыс күші жұмсалғанын білмейді ғой. Білсе, бүйтпес еді. Аялдамалар қала­ның көркін де ашып тұратын. Осындай жақ­сы бастаманы қолдаудың орнына, ке­с­ірін тигізетіндері өкінішті. Сәнді бір­де­ңе көрсе, сындыруға дайын тұрады. Қала кө­­шелері мен саябақтарға қойылған ша­ғын ескерткіштерді де сындыруға кірісті.

Александр ИВАНОВ, Петропавл қалалық әкімдігінің «Мүлікті тізімдеу» МКК директоры:
– 20 аялдаманы жасауға 8 миллион теңге жұмсалды. Әрбіреуінің құны 368 мың теңгеге түсті. Алайда оны ойлап жат­қан ­қала тұрғындары жоқ. Соңғы екі айдың ішін­де он аялдаманың әйнектері күлпар­ша етілген. Есептеуімізше, шамамен 80 мың теңге көлемінде шығын келген. Қазір бюд­жет қаржысына жөндеп жатырмыз, шы­ғын бұзақылар ұсталған кезде өндіріліп алы­нар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста