Адам капиталына инвестиция салуға неге құлықсызбыз?

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Қазақтың ұлттық байлық қорындағы адами капиталдың  ахуалы «еңбегі адал, еті арам» есек секілді. Өндіріс, өнеркәсіптердің  көпшілігі адам капиталына инвестиция салуға мүдделі емес.  Сол себепті де елімізде адами капиталдың үлесі бар-жоғы  10-12 пайызды ғана құрайды екен. Бұл дегеніңіз – адам ресурсын экономиканы дамытуда толығымен қолдана алмай отырғанымыздың айғағы. Түсінікті тілмен айтқанда, қазақтың шығармашылық  дарыны, таланты, қабілет-қарымы ел экономикасының игілігіне жұмсалмай келеді. Содан келіп, еңбек өнімділігі де төмен, өндірістің де өркені өспей тұр...
Экономистердің айтуынша, қазіргі заманғы әлем­де еңбектің жоғары өнімділігі –  бәсекелестік артық­шылық. Мәселен, жоғары өнімділік арқасын­да өндірістік жағынан дамыған мемлекеттер көшін АҚШ, Франция, Германия бастап тұр. Оларға өн­дірістегі лайықты бәсекелес Ирландия, Бельгия, Люк­сембург пен Норвегия секілді елдер тағы бар. Ал Қазақстандағы еңбек өнімділігі олардан 3-4 есе кем, орта есеппен бір адамға біздің елде 30-40 мың АҚШ долларына тең болса,  дамыған елдерде 200 мың АҚШ долларын құрайды.
Соның ішінде, еңбек өнімділігінің ең төменгі дең­­гейі – ауылда, яғни ауыл шаруашылығының бар ауыртпалығын көтерген шаруада.  Мәліметтерге сенсек, ауыл шаруашылығында  жылына бір адам­ға 3 мың АҚШ долларына жуық еңбек өнімі тең кел­се, дамыған елдерде бұл көрсеткіш – 50-70 мың АҚШ доллары шамасында. 
Ал сарапшылардың пайымдауынша, адам капиталының бір пайызға өсуі еңбек өнімділігін 3,81 пайызға арттырады екен. Қазіргі кезде дамы­ған елдердегі экономикадағы белсенді азаматтар­дың – 50%-ы, АҚШ, Жапония тұрғындарының үш­тен екісі ой еңбегімен айналысады. Күншығыс елі­нің екінші дүниежүзілік соғыстан кейін күрт да­муы­ның бір ұшығы да осы адами капиталда жатыр. Біз­де ше? Қазақтың 47 пайызы ауылда екенін ес­кер­сек, жағдайымыздың Жапониядай емес екенін ұғы­ну онша қиынға соқпайды. Қалада тұратындар­дың өзін бұл капиталды пайдаланып жүр деп айта ал­маймыз. Ал ғылымның тынысы тіпті мәз емес. Мы­салы, елімізде 1990 жылдары 41 мың ғылыми қыз­меткер болса, бүгінде ол көрсеткіш үш есеге аза­йып кеткен деген нақты дерек бар.

Тағы бір дерек. Дамыған мемлекеттерде жылдық табыстың 70 пайызы адам капи­талынан – жаңа білім, ғылым, технология­дан түсіп отырғанын айтады отандық ға­лым­дар. Сонда қазба, табиғи байлықтың үлесі 25 пайыз ғана екен. Яғни олар: газ, мұ­най, кен, өзге де қазба байлықтар. Неге? Тал­дап көрелік...
Ынталандыруға келгенде, өнеркәсіптерден қуса, құмалақ түспейді
Бұрын десеңіз, өткенді көксеген бола­сыз. Бірақ кешесіз бүгін жоқ екені тағы ақи­қат. Бұрын еңбекті ынталандыру деген бо­ла­тын. Қазір ол келмеске кеткен. Қыз­мет­кер­лері мен жұмыскерлерін ынталан­дыру тұрмақ, тиісті айлығын бұлдап бе­ретіндер көп. Адам ресурсының өзге ел­­­дегі­дей жетістікке жетпеуінің бір ұшығы да – осында. «Сананы тұрмыс билейді» деп Маркс айтпақшы, экономи­ка­лық әрі материалдық негізде ынта-ықы­лас­тан құр қалған адамнан қандай еңбек өнім­ділігін сұрауға немесе күтуге болады? Ай­тыңыз­шы. Жанын салып, бар қабілет-қары­мын көрсете отырып, төккен тердің со­ған лайық өтеуі болмаса, ол құмға құй­ған сумен тең емес пе? Экономистер тілі­мен айтсақ, еңбекті ынталандыру – адам­д­ы өнім­ді әрі табысты еңбек етуге ықпал ете­тін бірден-бір күш.
Қуандық ТӘШЕНОВ, экономист-ғалым:
– Экономикалық ынталандыру – адам­дар­ды өнімді әрі табысты еңбекке қызық­ты­ратын, олардың мүдделік белсенділігін арт­тырудың әртүрлі үрдістері мен әдістерін қам­тиды. Өндірістік қатынастар субъекті­лері­нің мүмкіндіктерін толығымен пайда­лану мақсатында қолданылатын, олардың эко­номикалық және әлеуметтік жауапкер­шіл­іктерін нықтайтын материалдық және мате­риалдық емес тетіктердің жиынтығы.
Экономикалық ынталандырудың бір әдісі – ерекше сыйақы беру. Сыйақы беру жо­ғары өнімді және жоғары сапалы ең­бек­ке ынталандыру, іс-әрекеттің түпкі нә­ти­жесін жақсарту, кәсіпорын жұмыскер­ле­рінің өмір сапасын көтеру мақсатында жүр­­­гізіледі. Сыйақы, еңбек мөлшері үшін ал­­ған ақыдан ерекше болуы тиіс. Ол қол­паш­­тау сипатын иеленуі керек. Әлемдік тә­жіри­бе көрсетіп отырғандай, адам ка­пита­лына жұмсалған инвестиция мен эко­­­но­­микалық өсім – сабақтас құбылыстар. Сон­дықтан эконо­ми­калық өсудің басты құ­ралы – адам капита­лына жұмсалатын инвес­тиция.
Өкінішке қарай, бүгінде бізде жағдай бұ­лай емес. Мәселен, «АрселорМиттал Те­мір­­тау» АҚ-тан кеншілердің «Қорғау» кә­сіп­­одағы 53,6 миллион теңге талап етіп отыр. Бұл қаржыға кәсіподақ қызметкер­ле­рі­нің айтуын­ша, компания кеншілерге ар­налған спорт­тық және мәдени-көпшілік шара ұйымдас­ты­руы тиіс болатын. Ол мін­дет­темелерді ком­пания 2011 жылы көмір өнер­кәсібінің рес­публикалық кәсіподағы­мен келісімге кел­генде мойнына алған. Алай­да «Қор­ғау» кәсіподағы ол міндеттер орын­далған жоқ дейді. Кеншілерге арнал­ған спорттық, мәдени-көпшілік шаралар ұйым­дас­тырыл­мақ түгіл, оған бір тиын да бөлінбепті.
Жұмысшы – құлақкесті құл емес
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекет­терін­де интеллектуалдық әлеует экономи­ка­лық өсімнің іргелі көзіне айналғанын жо­ғарыда айттық. Демек, «экономиканың тиім­ді дамуын ынталандырудың эконо­ми­калық механизмі ғылымға, жаңа техно­ло­гияға, жаңа білімге, адам капиталын нәти­же­лі қолдануға негізделуі қажет» дейді ға­лым­дар. Басында баспанасы жоқ, жала­қы­сы жартымды емес жұмыскер ешқашан­да еңбек өнімділігін арттыра алмайды да, әрі мүдделілік танытпайды да. Мынадай бір деректі оқығанымыз бар еді... Герма­ния­да жұмыс іздеуші адамға жұмыс беру­ші ең әуелі баспанасы, көлігі бар-жоғын сұ­райды екен. Егер жоқ болса, жұмысқа қабылдамайды. Себеп... Себебі үй-күйі жоқ адам, көліксіз қоғамдық көлікпен жү­ре­тін адам еңбек өнімділігін арттыра алмайды екен олардың ойынша. Оның ол өнеркәсіпке берері жоқ деп бағаланады екен. Германияның осы өлшемімен алсақ, елде адамдық капиталдың қаншалықты деңгейде екенін аңғаруға болады. Екінің бірі баспанасыз. Егіздің сыңары жаяу жүр. Яғни олардың өзі еңбек етіп отырған ұйым­ға, өнеркәсіпке берері және аз. Өйт­кені оның басын жұмыстың жай-жапсары емес, тұрмыстық проблемалар жаулап ал­ған. «Пәтерақыны, несиені қалай төлей­мін? Бала-шағаның ішіп-жеміне жеткізе аламын ба, жоқ па?» деген сыңайлы. Ондай жұмысшы тек айлық үшін күн өткізеді. Айлық алғанын, жұмыстан шығып қалмағанын қанағат тұтуға мәжбүр. Неге десеңіз, еңбек ескерусіз, елеусіз қалып қояды. Оның салдары еңбек өнімділігіне тікелей әсер етуде.

Түйін
Ұзын сөздің тоқетері мынаған сая­ды. Жалпы, адам капиталының үле­сі дамыған елдердегідей 70 па­йыз­дан кем болмауы үшін, жұмысшы тек же­гіл­ген қара өгіз ретінде есеп­тел­мес үшін – оған әр ұйым, кәсіп­орын инвес­ти­ция салуы тиіс. Қазір елді не алаң­да­тады? Баспана, ең­бе­гіне сай жалақы. Осы екеудің түйінін сол жұмыс орнын ұсынып отырған ұйым шешсе, жұмыста да береке бо­лары хақ. Айталық, Қара­ған­дыда «Қаз­хром»ТҰК» АҚ филиалы «Қаз­мар­ганец» КБ-ы бұл ретте өзгеге өне­ге бола алады. Бұл ұйым жұмыс­шы­­ла­рын ынталандыруда, тіпті бас­пана­мен қамтылуында өз мойнына алып отыр. Баспанасы бар, жалақы­сы ең­бегі­не сай адамға тек білек сыбана ең­бек ету ғана қалмай ма?

Балдырған СӘРКЕНОВА, «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы «Қазмарганец» КБ баспасөз хатшысы:
– Вахталық тәсілмен жұмыс жасайтын­дар және басты әкімшілік кеңседегілер де ком­панияның жеңілдіктерін пайдалана ала­ды. Оның ішінде әсіресе «Тұрғын үй» бағ­­дарламасын ерекше атап өтуге бо­лады. 2007 жылдан бері, жалпы, ENRC-тің құра­мын­дағы барлық кәсіпорында әре­кет ете бас­таған бағдарлама бойынша бі­лік­ті әрі ком­панияға еңбегі сіңген жұмыс­кер­лермен қатар, жас мамандар да еңбек өті­ліне бай­ла­нысты, жылдық өсімі бар бол­ғаны1 па­йыз­дық пәтер ала алады. Не­гі­зінен, бұл бағ­дарлама компанияның әлеу­­меттік сая­саты­ның кілті болып табы­ла­ды. Осы «Тұр­ғын үй» бағдарламасы аясында, Қа­рағанды бо­йын­ша 2009-2012 жылдар ара­лығында кен басқармасының 90-нан астам жұмыскері пә­тер­лі болды. Олардың дені – жас маман­дар. Ал жүйені жаман деп кім айтады?

Дерек
Адами капитал – жұмыскердің еңбек ету мүмкіндігін, еңбегінің жемісті болуын, еңбек өнімділігі мен сапасын көтеруге бағытталған адамдарға салынатын капитал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста