50 отбасы ОҚО-дан Шығыс Қазақстанға қоныс аударды

50 отбасы ОҚО-дан Шығыс Қазақстанға қоныс аударды

50 отбасы Оңтүстік Қазақстаннан Шығыс Қазақстанға қоныс аударды. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева мәлім етті.
«Елбасының халқы тығыз қоныстанған өңірден Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарына қоныс аудару туралы тапсырмасына сәйкес облыстан 50-ге жуық отбасы Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударды. Ал жыл соңына дейін тағы бес отбасы көшпек.

Аталған облыстарда келер жылы арнайы қоныс аударатын азаматтар үшін тұрын үй салу көзделуде. Нәтижесінде Оңтүстік өңірінен Солтүстікке қоныс аудару көрсеткіші жоғарылайтын болады. Басқарма басшысының хабарлауынша жыл басынан бері жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 55,9 мың жұмыссыздан, 40 мыңнан астам адам немесе 71,7% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды.

Елбасының биылғы жылы халыққа Жолдауында белгіленген бес бағыттың бірі - Жаңа әлеуметтік саясат. Мемлекет әлеуметтік саладағы әлсіз қорғалған азаматтарды өз қамқорлығына ала отырып, атаулы әлеуметтік қолдау тек мұқтаж адамдарға, олардың нақты табыстары мен өмір сүру жағдайын бағамдау негізінде көрсетілетін болады. «Облыста күнкөріс деңгейі төмен 170 мыңнан астам (немесе облыс халқынан 6,1 пайызы) азаматтар бар. 2015 жылы 479 отбасы атаулы әлеуметтік көмек, 63427 отбасы 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуда. Әлеуметтік көмек алушылардың қатарында еңбекке жарамдылар орташа есеппен 23,5 пайызын құрайды.

Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттерден 5 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді», - деді Ә.Темірбаева.

Ал келер жылы зейнетақы, жәрдемақы, бюджет қызметкерлерінің жалақысы өсіп, шәкіртақының да көлемі артпақ. Облысымызда жалпы 212 958 зейнеткер есепке алынса, 108 мыңнан астам мүгедек есепте тұрады, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

 www.inform.kz/kaz/article/2851718

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста