Елімізде алдағы үш тәулікте 43 градус ыстық болып, жаңбыр жаууы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
«Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады, 8 шілдеде Солтүстік-Шығыс пен шығыста, 8-9 шілдеде республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп болжанады.
9-10 шілдеде Солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 дейін қатты ыстық болуы мүмкін.