4000-ға жуық қазақстандық ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне қызмет етуге жіберілді

4000-ға жуық қазақстандық ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне қызмет етуге жіберілді

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде күзгі шақырылым аяқталды. Жақында ғана 30212 әскери бөлімі Гвардейск кентінің оқу-жаттығу орталығына Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан 45 шақырылушы жөнелтілді. Бүгін дәл осы бағытта 50-ге жуық бозбала Петропавлдан аттанады.
Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, 30212 әскери бөліміне жіберілгендер 17 қала мен облыс аудандарынан іріктелініп алынған. Әрқайсысының жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері, орта-арнаулы білімі, «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ («А» жарамдылық санаты). Мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылым басталғалы бері Департаментпен барлығы 270 шақырылушы жіберілді.
Сарбаздардың жас толымын жөнелту ҚР ҚК-де 19 қазанда басталды.
Сол сәттен бастап күн сайын жекелеген әскери команда болып бозбалалар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілді. Әскерлерге соңғы жөнелту ертең 7 қарашада өтеді.
Жас толым үшін дәстүрлі түрде салтанатты шығарып салулар ұйымдастырылады, ал қызмет өткеру орындарында оларды болашақ командирлер, офицерлер күтіп алады. Олар сарбаздарға жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі және мерзімді қызмет аяқталғанға дейін бозбалаларға әскери істің негізін, қыр-сырын оқып-үйретеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. Шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса ер азамат жатады. Олардың 4000-ға жуығы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, 2 000-ға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 500-ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді қызмет өткеру үшін бөлінді.  

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста