30 жылда 35 әскери қызметкер өзге үшін өз өмірін бәйгеге тігіп мерт болды

Отандық әскери қызметшілер негізгі міндетінен бөлек, адамдар өмірін сақтап, қорғап келеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

 
«Еліміз тәуелсіздік алғалы 1423 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды. Оның ішінде 35 қызметкерге награда қайтыс болғаннан кейін берілді», - делінген Қорғаныс министрлігінің жауабында.

Өткен жылы адам өмірін сақтап қалғаны үшін 9 Отан қорғаушы марапатқа ие болды.

Атап айтсақ, төтенше жағдайда адам өмірін құтқарған жанқиярлығы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерлігі үшін» медалімен аға лейтенант Ескендір Қасымбай марапатталды. Ол 44813 әскери бөлімінің (Әуе қорғанысы) жеке радиолокациялық ротасының байланыс және автоматтандырылған басқару жүйелерінің бастығы.

Өткен жылы 14 шілдеде Ақмола облысының Чебачье көлі жағалауында жүгіру кезінде аға лейтенант көмек сұраған дауысты естиді. Байқағанындай көл ортасында үрлемелі матраста әкесі мен оның бес жасар баласы қалған. Қатты жел олардың көл жағалауына шығуға мүмкіндік бермеген. Ескендір ойланбастан көлге сүңгіді. Сол тұста ресейлік азамат Полина Савельева да көмекке келді. Ол кәсіби жүзуші екен. Бірлескен іс-қимылдың арқасында көлде қалғандар жағалауға шығарылды.

Сонымен қатар «Ерлігі үшін» медалімен 29011 әскери бөлімінің (әскери-теңіз күштері) десанттық-шабуылдау батальоны теңіз жаяу әскері (резерв) ротасының командирі, капитан Ағабек Мақұлбек марапатталды.

Ол өткен жылы 14 маусымда кешкілік Ақтауда теңіз жағалауында серуендеп жүріп катерден баланың суға құлағанын байқайды. Ағабек көмекке асығып, суға сүңгіп баланы аман алып қалды.

Одан бөлек, Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен адамды құтқару кезінде көрсеткен батылдығы үшін 3-санаттағы сержант, құрлық әскерлері әскери институтының монша-кір жуу комбинатының бастығы Жандос Барлыбаев марапатталды.

Ол былтыр 15 желтоқсанда түнгі сағат 04.00-де құрлық әскерлері әскери институтының №1 әскери жатақхананың кіреберісінде болған өрт кезінде балалар мен әйелді құтқарды.

Осындай наградаға Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлері мен әуе қорғанысы күштерінің бірнеше әскери қызметшісі де ие болды.

Олардың қатарында сержант, 18404 әскери бөлімінің жөндеу ротасы бөлімшесінің командирі Ерік Қасымбеков те бар.

Сержант 2023 жылдың 18 қаңтара үйде отырған кезде айқалаған дауыс естиді. Сыртқа жүгіріп шығып қарт әйел тұратын пәтерден өртті байқаған. Әскери түтінге қарамастан үйге кіріп әжені тілсіз жаудан құтқарды.

Сондай-ақ, кіші сержант Дәурен Жәнібеков 55078 әскери бөлімінің сақтау бөлімінің такелаж бөлімшесінің командирі, қатардағы жауынгер Рауан Ақкемпіров, 55078 әскери бөлімін сақтау бөлімінің солдаты (такелажник), қатардағы жауынгер Наурыз Қарабеков, 55078 әскери бөлімін материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының маманы (слесарь-моторист), қатардағы жауынгер Ілияс Низамбек маман (жүргізуші) 55078 әскери бөлімді сақтау бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер Әлібек Шадетов 55078 әскери бөлімді сақтау бөлімінің солдаты (такелажник) марапатталды.

Аталған әскери қызметшілер 2023 жылғы 20 қаңтарда Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе елді мекеніндегі 55078 әскери бөлімінде түскі асқа барап жатып жеке сектордағы тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқайды. Олар өмірін қатерге тігіп, ерлі-зайыпты және олардың екі баласын өрт ортасынан алып шықты. Сондай-ақ, әскерилер өртке себеп болған газ баллонын сыртқа шығарып, өртті сөндіруге қатысты.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста