18 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны әлеуметтік желіде өзінің порно видеосын таратқан
Астананың 18 жастағы тұрғыны әлеуметтік желілерде өзінің порно видеоларын жариялап жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
“Елорда аумағында ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында "Алаяқтыққа қарсы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. 25 киберқылмыс анықталды, олардың негізгі бөлігі интернет-алаяқтық. Сондай-ақ, іс-шаралар кезінде әлеуметтік желілерде порнографиялық материалдар таратқан 18 жастағы жігіт ұсталды”, – деп хабарлайды полиция басқармасы.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 311-бабы (порнографиялық материалдар мен заттарды заңсыз тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің ұялы телефоны тәркіленіп, сараптамалар тағайындалды.