14 жылдан соң анасын тапты

Ақтөбелік ана 14 жылдан кейін ғана  туған баласын бауы­рына басуға мүмкіндік алды. Ана мен баланың ресейлік «Күт мені» бағ­дарламасына алғысы шексіз.  Оларды табыс­тырған да – осы хабар. Отбасына оралып, туған­да­рымен қауыш­қан Марат Сей­ті­мов өзін бүгінде бақытты бала санайды.
Марат – Айгүл мен Нұрлыбек Сейтімов­тердің екінші баласы. Ер бала 1997 жылы Ақтөбедегі  жедел жәрдем ауруханасының перзентханасында дүниеге келеді. Акушер­лердің сәбиің дімкәс болып туылды дегені жас босанған келіншектің үрейін ұшырады. Дәрігерлер шақалаққа жұлынында жарық­шақ бар деген диагноз қояды. Дерттің кесі­рінен баланың өз аяғымен жүре алмайты­нын да айтқан. Ақ халаттылар Айгүлге ұлының әрі қарай тірі қалуы екіталай екенін ескертіп, баладан бас тартуын сұрайды. Қайғы жұтқан жас ата-ана дәрігерлер ұсын­ған қағазды оқымастан қолдарын қояды.
Айгүл сол қиын сәтті қазір есіне де алғы­сы жоқ: «Менің бойымды үрей биледі. Ең бастысы – баламның қолымда көз жұмға­нын көргім келмеді. Жағдайдың дәл солай өрбитініне дайын болмадым. Оған дейін ультра дыбыстық тексерулерден өткенімде, бала кемтар туылуы мүмкін деген болжам­дар болған емес», – дейді ол.
Үш жыл бойы Марат сәбилер үйінде тәрбиеленеді. Кейін оны Астанадағы жүйке жүйесі ауруына шалдыққандарға арналған арнайы интернатқа ауыстырады. 7 жасқа кел­­генше еңбектеп, кейін ғана мүгедек арба­сын береді. Екі мәрте ота жасалғанымен, Марат аяғына тұрып кете алмады. Астанаға келген сапарында ресейлік мамандар үміт­тендіріп қойыпты. Челябинскіден кел­ген ма­мандар Мараттың толықтай айыға­тыны­на сенімді. Ұлының кішкентай кезіндегі был­ды­рын естімеген ата-анасы енді тәй-тәй басып, өз аяғымен жүрген сәттерін көргілері келеді.
– Күндердің күнінде туғандарыммен табысатынымды білетінмін. Ата-анам мені іздеп, табады деген үмітім үзілген емес. Әлі есімде, сәбилер үйінде болғанымда, тәр­бие­­шімді анам деп ойлап, «мама, мама» дей­­тінмін. Бейтаныс ата-әжелер, ағай-­ а­пай­лар келіп, тәтті үлестіргенде, «туысқан­дарым осылар шығар, бәлкім» деген ой да келді. Қазір аға-әпкеммен, әке-шешеммен қауышқаныма шексіз ризамын. Ал анамды еш жазғырмаймын. Бұл қадамға қасақана бармағанын түсінемін. Бәлкім, сол кезде бойында үрей болған шығар. Ол жағы енді мен үшін маңызды емес, – дейді Марат.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста