14 жасында зорланып ана атанған Қызғалдаққа баспана сыйлады

Алматы облысы Райымбек ауданынын тұрғыны Қызғалдақ 14 жасында үш жігітке зорланған. Бүгінде ана атанып отыр. Жас анаға қайырымдылық қоры баспана сыйлады. 

"Асыл адам" және "Аманат" қайырымдылық қоры Қызғалдаққа баспана сыйлады. Қор атынан алғашқы жарнасы төленіп, 4 млн теңгеге баспана алып бермек. Үйді Қызғалдақтың өзі қалаған аумақтан таңдай алады.

 

Бұл хабарды естіген Қызғалдақ көз жасына ерік берді. Қайырымды жандарға алғыс айтты.

"Біз Қызғалдақтың жағдайын естіп, түнімен ұйықтай алмай, қалайда көмек қолын созуды жөн деп шештік. Жас ана баласымен бірге біреудің босағасында емес, өз үйінде тұруы керек. Сондықтан көмекке дайынбыз", - деді қор жетекшісі Айжан Ибраева. 

Бұған дейін Қызғалдақ өзін көрші ауылдың үш жігіт зорлап, жүкті еткенін айтқан еді. Тікелей эфирге хабарласқан жігіт бойжеткенді 3 емес, 40 шақты жігіт зорлағанын айтты. Баланы өмірге әкелсе де, кәмілетке толмаған шағында зорланса да ешкім айыпталмаған. Жауаптыларды жауапқа тарту, баланың әкесінен алимент өндіру мақсатында Қызғалдақ бағдарламаға келіп көмек сұраған болатын. Іс әлі сотқа жеткен жоқ. Қайта қаралып, тергеу жүрмек. Ал баланың әкесі отбасылы азамат болып шықты.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста