Әйелін қызғанған ер адам жарақаттаған елордалық мешіт қызметкері ауруханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Екі апта бұрын жұмыс орнында бірнеше жерден пышақ жарақатын алған мешіт қызметкері Надыров Муслухаддин бүгін ауруханадан емделіп шықты.
«Науқас үйіне шығарылды. Өзін жақсы сезінеді. Оның толық сауығып кетуіне уақыт керек», - дейді N3 көпсалалы қалалық аурухананың емдеуші дәрігері, хирург-дәрігер Арман Сарқытбай.
Естеріңізге саламыз, Жібек жолы ауылының тұрғыны әйелімен жанжалдасып, некесін қиған имамды пышақтаған болатын.