1200-ден астам адамды алдап, 1,5 млрд теңге шығын келтірген: Қызылордада алаяқтарға сот үкімі шықты

Қызылорда облысында қаржылық пирамиданың қылмыстық әрекетін жүзеге асырған төрт адамға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қызылорда облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.

 
Қаржылық пирамиданың қылмыстық әрекеті «Гарант 24 Ломбард» ЖШС арқылы құрылған. Серіктестік мүшелері облыс аумағында қаржылық пирамида әрекетін ұйымдастырған.

«Қызылорда қаласының №2 соты тарапынан аталған қылмысқа қатысты төрт адамға айыптау үкімі шығарылды. Оның ішінде бір әйел бар. Олар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрбірі 7-8 жылдан бас бостандығынан айырылды. Серіктестік облыстың 1200-ден астам тұрғынын алдаған. Тұрғындарға жалған уәде беріп, ақша тарту бойынша кең көлемде жедел іс-шаралар ұйымдастырған. Сол арқылы заңсыз жолмен 1 млрд 560 млн теңгеден астам қаржы және өзге де мүліктерді жымқырған», - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық істің апелляциялық тәртіпте қаралуы күтілуде.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста