11 жасқа дейінгі алты бала қаржы пирамидаларының құрбаны болды

Төрт ай ішінде 11 зейнеткер мен 3 оқушы қаржы пирамидаларының құрығына түсті.

Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бабы бойынша 45 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 6,3 пайызға аз, деп жазады inbusiness.kz.

Секторда ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматыда тіркелді: 7 жағдай. Антилидерлер қатарында Шығыс Қазақстан облысы (5 жағдай), Астана (4 жағдай), Абай және Қарағанды облыстары, Шымкент бар (әр өңірде 3 жағдайдан).

Келтірілген залалдың сомасы 12,2 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1 есе көп. Оның ішінде 12,1 млрд теңге жеке тұлғаларға келтірілген залал болса, 176,7 млн теңге заңды тұлғаларға келтірілген.

Қаржы пирамидаларын құру және басқару бойынша 30 адам ұсталды. Қылмыскерлердің басым көбі жұмыссыз болған (20 адам), тағы 3 адам – жеке кәсіпкер.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында 382 адам қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Бұл былтырғыға қарағанда 3,3 есе артық. Олардың қатарында 11 жасқа дейінгі 6 бала, 16-17 жас аралығындағы 3 бала, 18-20 жас аралығындағы 9 адам бар. Сондай-ақ, 21-29 жас аралығындағы 72 адам, 30-39 жас – 120 адам, 40-49 жас – 100 адам, 50-59 жас – 54 адам, 60 жастан асқан 18 адам болды.

Зардап шеккендердің 71,5%-ы (273 адам) әйелдер. Төрт ай ішінде 11 зейнеткер мен 3 оқушы қаржы пирамидаларының құрығына түсті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста