Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 11 сәуірде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ауқымды антициклон ҚР территориясының басым бөлігінде жылы, жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастыратын болады. Тек еліміздің оңтүстігі мен солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстікте – дауыл, батыста – тұмман күтіледі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде солтүстігі мен оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл, таулы, тау бөктерлі аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі.
Қостанай облысыныңтүнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20 м/с күшеюі, оңтүстігінде тұман, найзағай күтіледі. Қарағанды облысының батысында найзағай, батысы, шығысы, мен орталығында желдің 15-20, екпіні 23-28 м/с күшеюі күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында найзағай, дауыл, орталығы мен оңтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстік-батысы, батысы мен таулы аудандарында желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі, күндіз таулы аудандарында найзағай күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, түнде Атырау облысының батысында тұман күтіледі.