Ақмола полицейлері жүзге жуық жабайы құстың ұшасын тасымалдаған жүргізушіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz- ке сілтеме жасап.
7 мамырда кешкі сағат 19.00 шамасында Ақмола облысы ПД ППБ Тұлпар-9 автопатруль экипажы жол қозғалысын бақылауды жүзеге асыру кезінде Нұр-Сұлтан – Петропавл автожолының 230 шақырымында сыртқы жарық шамдарының ақауы бар Газ көлігін тоқтатты.
Көлік тізгінінде отырған елорданың 39 жастағы тұрғыны полицейлерден сыртқы шамдарды жөнге келтіру туралы ескерту алып, оларды жөндей бастады. Көлік тіркемесін тексеру кезінде жабайы үйректің 92 ұшасы және жабайы қаздың төрт ұшасы анықталды.