10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометтің сайтына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

 

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстік-батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

 

Ақтөбе қаласында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 16 м/с болады деп күтіледі.

 

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік шығыста екпіні 25 м/с жел соғады. Іле Алатауы, Жетісу Алатауында күндіз найзағай ойнайды. Найзағай кезінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қырғыз Алатауы тауларында күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с.

 

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус аяз күтіледі.

 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с.

 

Орал қаласында түнде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні –15-20 м/с.

 

Күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Жезқазған қаласында күндіз 35 градус аптап ыстық болады деп болжануда.

 

Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл, аптап ыстық 35 градусқа дейін күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында желдің күші – 15-20, екпіні – 25 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің күші – 15-20, екпіні – 23-28 м/с.

 

Қостанай қаласында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші –15-20, күндіз екпіні –23 м/с.

 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 42 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде желдің екпіні – 15-20 м/с.

 

Петропавл қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста