Асылбек Жаңбырбай: Фəниім жатыр нүктеге дейін, Бақиым жатыр нүктеден кейін!

Асылбек Жаңбырбай: Фəниім жатыр нүктеге дейін, Бақиым жатыр нүктеден кейін!

ҚАЛАМ ҺƏМ ЫДЫРЫС ПАЙҒАМБАР
Мына ғалам, мына түн шерлі неден,
Жұлдыздар да секілді, ә, селдіреген?
Қара аспанды нұсқар ем төбемдегі –
Қызғанатын дөйлерге шенді менен.

Шенді қайтем, жүректе өлең барда,
Атағым жоқ, сол үшін өлем бе, Алла?!
Шоқтық іздеп ұшатын биік – қыран,
Боқтық іздеп ұшатын төмен – қарға.

Ыдырыстан басталған – қалам ұштау,
Бұйырғаны-ай қаламды маған ұстау.
Әз нәбиім жұмақты жалғыз шарлап,
Хасса сұлу хор қызын дара құшты-ау.

Сөйткен қалам иесі – көкте қалған,
Мәңгі тірі ол, мен олай көпке барман.
Том-том кітап жазу да қолдан келмес,
Еһ, Жазғышбек, сенікі неткен арман?!

Бұл - ғалайһис-уәссалам Ыдырыс-дүр,
Деңгеліне жетер ме жырың ұшқыр?
Жұмақ, шарап, хор қызы – бәрі керек,
Өй, білем ғой, ойыңда қыдырыс тұр.

Тиген шығар, дұрысы – саған шалық,
Бір басыңа қонған соң тəмəм шабыт.
Пайғамбар бар – ақырға дейін өлмес,
Жар болсыншы ақынға Кәләм-Шәріп!.
***
ҚАЛАМ ҺƏМ ЖАЗҒЫШБЕК АҚЫН
Шайырлардың дəурені жетті депті,
Пайғамбарлар дəуірі өтті-кетті...
Жазғышбегім, жазасың қалам ұстап,
Күрек ұстап біреулер боқ күрепті.

Ыдырыстан қалынған қалам мынау,
Жарық дүние қаламсыз қараңғылау.
Қарамайсың қолыңның талғанына,
Өлең жазбай отыру – саған күнə-ау!

Қалам деген – Алланың кəлəмі-дүр,
Сол шəріптен сөз болып тарады нұр.
Лауһыдан соң жаралған құдірет қой,
Жазмышыңды жазуға жарады бұл.

Сені де ақын қылмапты жазмыш тегін,
Айтшы, аз ба дəптерің, аз ба үстелің?
Кəлəм жазды мың жылда бір-ақ сөзді,
Ал сен күнде жырладың, Жазғышбегім.

Мейлі, өмірден атақсыз, жалаң бас өт,
Сендей жанды əлемнен таба алмас ек.
Жазшы – қалам қолыңнан сусығанша,
Қаламға серт десеңші, қаламға серт!

Аха-хау, Жазғышбек-ай...
Охо-хоу, Жазғышбек-ай...
***
ЖЕТІМ ҚҰЛЫН
Өлең қалды жетім боп,
(Ұқсап жетім құлынға.)
Ар сататын бетім жоқ,
Болған емес бұрын да.

Заман мынау – зымиян,
Зымыстандар қаптаған.
Жындандырар жыни əн,
Сайтан ісі – жат маған.

Хаққа сенем қайырлы,
Жалынбаймын пендеге.
Кім түсінсін шайырды,
Ақын болдым мен неге?..

Жетім құлын жетілер,
Өлең бұл да – баққаным.
Əлмисақтан жетім – ол,
Қан-қасаптан сақтадым.

Топқа салсам деп едім,
Отқа салды залымдар.
Жалын жұтып келемін,
Жетімектей жаным бар.

Оянбаспын ертеңнен,
(Уа, жүрегім, кісіне!)
Құйрық-жалы өртенген,
Құлын кірсе түсіме...
***
ТАУ ЖОЛЫНДА
Қанат Əбілқайырға
Алатауды бөктерлеп,
Алматыдан көкке өрлеп,
Аңсарым бар арзу жырын төккен көп.
Күз де болса жүректерге көктем кеп,
Сыр ағыттық бүршік сезім көктер деп.

Жұмбақ күйде жұпар атты қош көңіл,
Бұлаңдады бұлттан асқан қос қоңыр.
Күнде-күнде таптырғанмен дұшпанды,
Əркез бұлай кездестірмес досты өмір.

Шəрлі етекте қалдырғанбыз тəнді біз,
Жақын тартып бара жатты жанды құз.
Аспан жақта арманымыз гүлдеп тұр,
Ал төменде жайланғандай мəңгі күз.

Жағып қойып əр тамшыны шырақ қып,
Жауып берді жаңбыр-өлең жұмақтық.
Бұл қайырымнан қара тас та нұрлана,
Бұлақтар да ақты шыңнан құлап тік.

Мəңгілікке жалғар еді-ау сиқыр əн,
Мең-зең мезгіл оянбасақ ұйқыдан.
Қайта түстік қырсық-қыңыр қоғамға,
Құтыла алмай қырт өмірдің сиқынан!..
***
СОҒЫС ЖƏНЕ СƏБИ
Ертеңге жетпек түгіл,
Армандап үлгермеген.
Сұм өмір төкпепті нұр,
Күн көзі күлгенменен.

Дұғасын айтатындай,
Тілі де шықпады оның.
Кəрі емес қайтатындай,
Соны да ұқпады өлім.

Қиын-ау ұрыс көрген,
Буыны қатпай жатып.
Қуыпты тыныш төрден,
Бақытын қақпайлатып.

Бала боп ойнамапты,
Алаңда жауыздық бар.
Мейірімді ойран атты,
Ешкім жоқ ауыздықтар.

Дүние зырылдады-ай,
Ұқсап тұр дөй ұршыққа.
Бейкүнə ғұмырлар-ай,
Айналған ойыншыққа!..
***
НҮКТЕСІЗ ӨЛЕҢ
Жазайын өлең нүктесіз қылып,
Қоямын кілең ілеп белгісін!
Қашап көрейін бүкпесіз қырық,
Жасап берейін жүректен мүсін!

Өмір дегенім - күтпеген ойын,
Өлең дегенім - бітпеген тойым!
Фəниім жатыр нүктеге дейін,
Бақиым жатыр нүктеден кейін!

Өмір дегенім - бүктеген қасқа,
Өлең дегенім - тіктеген еңсем!
Басталсам дағы нүктеден баста,
Аяқталамын нүктеге келсем!

Жан өлмес тəнім жойылғанменен,
Алланың барын мойындау бөлек!
Өмірге нүкте қойылғанменен,
Өлеңге нүкте қойылмау керек! 

*** ТҮН ЕКЕУМІЗ Аппақ Айдан нәр алған, Аппақ Ойдан жаралған бұл мендік Түн, Түннен аштым қақпасын дүр кеңдіктің. Құс жолында ағымнан ақтарылсам, Жазылмаған жырды да Түннен күттім. Түн дегенім – қапас та, түнек те емес, Мұнда жатыр жұмақтық жүрек пен ес. Қара албасты секілді қарғыс айтпа, Көшер болсаң жөніңмен тілекке көш. Түн екеуміз туылдық көрден дүреп, Мұндай халды бір білсе өлген білед. Біз өлмейміз ақырдың таңы атқанша, Жүре-жүре қос жетім жөргемді ілед... Лаулап, жаурап келемін тылсым қырда, Ақын – ерте қартайған қыршын тұлға. Түн ішінде жақынмын ақындыққа, Пақырлыққа жақынмын Түн сыртында. Жолаушымын, адасқан жүргіншімін, Нәлет жүріс – өмірім, сүргін – шыным. Қараңғыдан шыға алмай қалғандықтан, Қинайсың ғой ұға алмай Түннің сырын. Түн екеуміз шашамыз аспанға ақық, Ұшсын, мейлі, ұшпасын бастан бақыт. Отырамыз содан соң зират жақта, Өксіп жылап, жанардан жас парлатып... *** АЙЛЫ ТҮЙСІК Үнсіздіктің шыңғырысын доғардым, Жоқ қаладан жоқ қараған болармын!.. Мендік әуен – Айдың сазды сәулесі, Бейуақ билеп жапыраққа қонар мұң. Жан дүниемді қараңғы елес сорғылап, Көкірегімнен бара жатыр жол құлап. Сайтан сіңген түкпірлерге сүйрелей, Түнек неге жұлдыздарды қор қылад? Құдай жаққа қанат қақты қолжазбам, Біреу бардай маған көзсіз көр қазған... Күлдір-күлдір кісінескенде жер мен көк, Мөлдір-мөлдір жанарымда сөнді азбан... Ғайыптан да түлен түрткен бұлт шұбап, Тажал төнсе тұра алмас ед жұрт шыдап. Аппақ шұғыла шашады есім әлемге, Қырық шілтенім тұтатқанда қырық шырақ. Қаңғыр ойым қашып шыққан мола анау, Әруақтарға мүмкін бе екен жоламау?.. Қара көңілім бұл жалғанға нұр аңқып, Он төртінен Айдай тылсым толар-ау!.. *** ҚАРАҢҒЫЛЫҚ - 1 Кәрі сайтан ымырттана күл себер, Күл үстіне маң-маңдаған түн шөгер... Көктей өтсем қап-қара отты тозақтық – Күн кейпінде қызыл-қызыл мұң сөнер!.. Ақыл-естен алжасулы кезім бұл, Қорқыныштан қалтырайды сезім-гүл. Жалғыз қалсам – қос жанарым еңкілдеп, Келе берер өзімнен де безінгім. Миымдағы ойдың борап күлгіні, Ғайып болып жоғалармын бір күні... Қоздырады-ау заманақыр жындарын – Пенделердің бейберекет тірлігі!.. Ит жүрегім аспан жаққа зар ұлып, Зор обалдан кететіндей жарылып. Көзім алды – көлбең-көлбең көп елес, Айдың бетін бояп жатыр сары ғып. Кірпігімде қағылмаған қанат бар, Көкейіңмен ең соңғы рет қарап қал... Кітаптардың кірер тағы түсіне – Күлге айнала ұшып жүрген парақтар!.. *** ҚАРАҢҒЫЛЫҚ - 2 Қара нұрлы түнді құштым кезекті, Ойлар ұлып миымды да мезі етті... Түске енбесін күндіз көрген ит тірлік, Сағат тілін он екіге безепті!.. Жетім шамы жалықтырды бөлменің, Аспантекті жұлдыздарға шөлдедім. Көзім жасы түйсігіме тамшылап, Естіртіп тұр бір үміттің сөнгенін. Айға берер сәлемім бар кешіккен – Белі шықпай жатқан кезде бесіктен... Тамырымда тулай түсіп отты жыр, Азандассам таңға жақын мешітпен!.. Шайтан-түнек шәргілдігін жұққызып, Бұл дүниеде қалмағандай түк қызық. Көркем ұшып періштелер келердей, Тәңірімнің түшкірісінен құт түзіп. Сыртта мені соңғы сапар тосуда, Ажал жетсе уақытым жоқ шошуға... Қаңғып шыққан ойларымды өлтірсең, Жансызданған түннің тәнін қоса ула!..
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста