Жастарды баспанамен қамту – басты мәселе

Жастарды баспанамен қамту – басты мәселе

Бүгінгі таңда еліміздегі жасатардың басты мәселесінің бірі – баспана мәселесі. Бұл мәселе Үкіметтің де, жастардың да бас ауруына айналғалы қашан. Өкінішке қарай, әзірше, бұл мәселенің шешімі табылар емес. Керісінше, баспанаға өтініш берушілер саны жыл санап артып келеді. Енді оған жастар санатындағы азаматтардың жас шегі бұрынғы 14-29 жастан 14-35 жасқа өскенін қоссаңыз, жастарды баспанамен қамту мәселесінің бұрынғыдан да күрделене түскені сөзсіз.

 

Бәзбір сарапшылардың пайымдауынша, баспана мәселесі жастар арасында өзге де бір әлеуметтік мәселелердің туындауына себеп болып отырға көрінеді. Мысалы, бүгінгі таңда баспананың жоқтығынан үйленуді кейінге шегеріп жүрген сүрбойдақтар қатары көбейген. Оған қоса жас жұбайлардың ажырасуына да баспана мәселесі үлесін қосып отырған көрінеді. Бұған дейін қайсыбір сараптамалық орталық жастар арасында "Жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?" деген сауалнама жүргізген екен. Сауалнамаға қатысушылардың 50 пайызға жуығы "Өз баспанасы" деп жауап беріпті. Расымен де, «үйі жоқтың, күйі жоқ» демекші, онсыз да, мардымсыз жалақысын пәтер жалдауға төлеп, бір күн тоқ, бір күн аш жүріп өмір сүру жастардың жүйкесін тоздырары анық. Ал жастардың ипотекамен үй алуы мүлде мүмкін емес. Өйткені, екінші дәрежелі банктердегі ипотекалық несиенің жылдық ставкасы тым жоғары.

 

Баспана мәселесін шешу үшін Үкімет те бел шеше кіріскелі қашан. Жас мамандарды баспанамен қамтуға бағытталған алғашқы бағдарламалардың бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы санау 2010 жылы қолға алынған болатын. Ол бағдарлама аясында мыңдаған жас маман жұмысқа орналастырылып, баспанамен қамтамасыз етілді. Оған қоса 100 АЕК мөлшерінде бір реттік жәрдемақы тағайындау қарастырылған. Ал баспана сатып алам немесе үй салм деушілерге 0,01% жылдық сыйақы мөлшерімен 15 жылға дейін 1500 АЕК (5 млн тенгеден артық) мөлшерінде несие беріледі. Бір өкініштісі біздің жас мамандар, әлі де болса, бұл бағдарламаға құлықсыздық танытып отыр. Өйткені қазіргі жастар ауылда емес, қалада өмір сүруді қалайды. Ал таңдау әркімнің өз еркі, ол үшін ешкімді сөге алмаймыз. Олай болса, жастарды ауылға баруға қызықтыратындай жағдай жасауымыз қажет. Мәселені толықтай шешпесе де, ол бағдарлама өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан да аталмыш бағдарлама бүгінгі күні жалғасын тауып келеді.

 

Жалпы жастарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталға бағдарламалар баршылық. Соның бірі – 2020 жылы қолға алынған "Жас отбасы" бағдарламасы. Бағдарламаның көңілге қонымды тұсы - ипотеканың алғашқы екі жылда жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ке тең, одан кейін ол 5%-ке дейін төмендеуі. Алайда, аталмыш бағдарламаның орындалуы екіталай талабы да бар. Ол талапқа сәйкс өтініш беруші біл жыл ішінде болашақта сатып алатын пәтер бағасының 50%-ін жинауы шарт. Ал тапқанының жартысын пәтер жалдауға төлеп жүрген жастар үшін бұл талап орындалмас арман екені айдан анық. Бәлкім аталмыш бағдарлама бойынша да баспана алуға болар. Тек ол үшін қолтығыңыздан демейтін бақуат демеушіңіз болуы қажет.

 

Мемлекеттің жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларының бірі – "Алматы жастары" бағдарламасы. Бұл бағдарламаны 2017 жылы қазіргі "Отбасы банк" (бұрынғы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) тарапынан ұсынылған. Бұл бағдарлама аясында мыңдаған алматылық жастар баспана бақытын сезінді. Кейіннен бұл бағдарлама Елордада, Шымкенте қолға алынды. Бүгінгі таңда бұл бағдарлама қалған өңірлерде де жұмыс істеуде.

 

Өткен жылы Сенаттағы жастарды қолдау тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов 2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктерімен бірлескен «Отбасы банкінің» жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отырғанын жеткізген болатын. Оның айтуынша, қазіргі кезде жастарға арналған өңірлік тұрғын үй бағдарламалары Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылып жатыр.

 

Ералы Тоғжановтың мәліметінше, 2019 жылдан бері Елорда мен Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін 7 мың баспана ұсынылды. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 12 мыңға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бүгінгі күні жастар тарапынан «Отбасы банкінің» жинақтаушы баспана депозиттеріннен 500 мыңнан аса депозит ашылған. 2025 жылға қарай депозиттер саны 800 мыңға жетеді деп күтілуде.

 

Осы тұста, жоспарланға межеге жету жолында Үйді сатып алу құқығынсыз жалға алу бағдалмасы қолғабыс етері анық. Яғни, жұмыс істейтін жастарды уақытша баспанамен қамтуға бағытталған бағдарлама шартына сәйкес баспана жас маманға 5 жылға сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Бұл жастарға ақша жинап, Отбасы банкі ұсынған жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік береді.

 

Әрине Үкімет тарапынан жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың қолға алынып жатқаны қуантарлық жағдай. Тек, бағдарлама баянды болып, талаптары жастар үшін қолжетімді болса екен деген тілік бар.

 

 

 

Қ. Кумекбаев.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста