Ұлттық жобалар аясында су мәселесі шешімін тауып жатыр

Ұлттық жобалар аясында су мәселесі шешімін тауып жатыр

Тіршілік көзі саналатын судың тапшылығы жыл өткен сайын әлем бойынша үлкен проблемаға айналып барады. Биылғы жылы су тапшылығы салдарынан әлемдегі саурмал егістік алқабының жартысына жуығы қурап қалған. Нәтижесінде әлемнің кейбір елдеріне ашаршылық қаупі төніп тұр. Сондықтан да базбір сарапшы мамандар болашақта «Су соғысы» болуы мүмкін деген үрейлі болжамды алға тартып жүр.

 

Қазақстан үшін де су мәселесі өзекті проблеманың бірі. Өйткені аграрлы мемлекет үшін су ауадай қажет. Ал біз ауыл шаруашылығы үшін ауадай қажет су бойынша көрші елдерге тәуелдіміз. Өйткені Қазақстанның су ресурстарының жартысына жуығын Қытай, Ресей және Орталық Азия елдерінен ағып келетін трансшекаралық өзендер құрайды. Егер көршілеріміз судан қысар болса, еліміздің ауыл шаруашылығының тынысы тарылары сөзсіз. Ал ауыл шаруашылығының тынысы тарылса, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнеді. Ал бұған жол беруге болмайды. Сондықтан су қорын үнемді пайдалануды үйренуіміз керек. Сонымен қоса Қазақстанның су ресурстарының жартысын құрайтын жергілікті өзен-көлдер мен жер асты сурарын тиімді пайдалануымыз қажет. Өйткені бүгінгі таңда елімізде 1,6 млн га суармалы жерлер болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасына сәйкес, 2030 жылға дейін суармалы жерлер көлемін 3 млн га жеткізу көзделіп отыр. Бұл елімізді бау-бақша, жеміс-жидек өнімдерінің импортына тәуелділіктен арылту үшін қолға алынып отырған амал. Демек суға деген сұраныс екі есе арта түседі деген сөз. Яғни суды екі есе үнемді пайдалануымыз қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларының үлесін арттыруымыз керек.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Орталық Азия өңірінде су мәселесі қашанда өте өзекті болғанын айта келе, бүгінгі таңда жағдай күрт нашарлап, тіпті, жаһандық мәселеге айналып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, Президент сыртқы су ағынының азаюы суды тиімсіз пайдаланудың салдарынан ушығып отырғанын тілге тиек етті. Сондықтан, мемлекет басшысы «су ресурстарының жағдайына мемлекеттік мониторинг жүргізу ісін күшейту керек» - деді. Сонымен қоса Президент ағын сулардың режимі мен су қоймаларын зерттеу үшін қажетті 800 гидрологиялық бекеттің 310-ы ғана жұмыс істеп тұрғанын айтты.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

 

–Толыққанды мемлекеттік су кадастры жоқ. Ал, бұл өз кезегінде су ресурстарының мөлшері мен сапасына мониторинг жасауға және экономиканың салаларын сумен қамтамасыз ету жөніндегі нақты теңгерімге қол жеткізуге кедергі келтіреді.

 

Одан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев суды пайдалану саласында ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды. «Су шаруашылығы инфрақұрылымын басқару түрлі мемлекеттік органдадың қолында, соның салдарынан су ресурстарына қатысты тиімді саясат жүргізілмей отыр», - деді Президент. Сонымен қоса Мемлекет басшысы 2015 жылы  Премьер-министрдің бірінші орынбасары жанынан құрылған Су кеңесінің жұысын сынға алды. Президент Су кеңесі 7 жылда бір-ақ рет отырыс өткізгенін айтты. Трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша Қазақстанның келіссөз жүргізудегі ұстанымының әлсіз болуы да Су кеңесі жұысының нашар болуымен байланысты екенін тілге тиек еткен Президент су саясатында тиімді жұмыс жүргізу керек екенін жеткізді; «Ішкі су саясаты мықты болмаса, көрші елдермен тиісті су дипломатиясын құру мүмкін емес, – деді мемлекет басшысы.

 

Мемлекет басшысының сынынан кейін Үкімет су саясатына серпін беруді қолға алған секілді. Атқарушы билік 2025 жылға қарай су үнемдеу технологияларымен қамтылған алаңдарды 450 мың га дейін жеткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Бұл Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасына сәйкес қолға алынып отырған шара. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандарының пайымдауынша, бұл жыл сайын 1,5 текше км көлемінде суды үнемдеуге мүмкіндік береді. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, барлық облыстар бойынша су үнемдеу технологияларын енгізу жөніндегі Жол карталарын әзірлеуді ұсынды. Соған сәйкес, суармалы жерлерді қалпына келтіру мақсатында каналдарды реконструкциялау және су қоймаларын салу жұмыстары қолға алынды.

 

Осы жылдың 20 қазанында өткен брефингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының қорытындысы бойынша Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасын әзірлеп жатқанын жеткізді. Тұжырымдама екі бағытта жүргізіледі: суды басқару жүйесін жетілдіру және суға деген сұранысты басқару. Министрдың айтуынша, тұжырымдаманың негізгі мақсаты - су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика салалары мен қоршаған орта қажеттіліктерінің теңгерімін қамтамасыз ету.

 

Сонымен қоса, министр апатты су қоймаларын қалпына келтіру және жаңа су қоймаларын салу туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 41 апатты су қойма мен гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау жұмысы жүргізіліп жатқан көрінеді. Оның айтуынша, 15 жоба пайдалануға берілген, ал 7 жобаның жұмысы келесі жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Қалған 19 жобаны 2025 жылдың соңына дейін тапсыру көзделген. Бұл жобаларды толықтай жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 30 млрд теңге қаржы жұмсалмақ. Одан бөлек, алдағы 5 жылда 9 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Министрлік мамандарының пікірінше, бұл 195,3 мың га жаңа суармалы жерді айналымға енгізуге, 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 59,4 млрд теңге. Сондай-ақ, брифинг барысында министр Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша 2025 жылға дейін 212 арнада су есебі цифрландырыланатынын жеткізді. Оның айтуынша, өткен жылы 23 арна цифрланса, биыл 89 арна цифрланған.

 

Сондай-ақ министр су саласындағы мәселелерді нақты анықтау үшін ғылыми-техникалық орталық қажет екенін алға тартты. Осы мақсатта Қазақ су шаруашылығы институты су саласының бас ғылыми-техникалық орталығы болып бекітілді. Институт еліміздің су ресурстары туралы шынайы ақпаратты қалыптастыратын болады. Сол мақсата институт жанынан Ақпараттық-талдау орталығы құрылады. Ғылыми-техникалық орталық ғылымға негізделген шешімдер қабылдау және мемлекетаралық келіссөздер кезінде ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті жедел, орта мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

 

Су мәселесі төңірегінде қордаланған мәселелер Жаңа Су кодексі қажет екенін көрсетіп отыр. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, жаңа Су кодексі әзірленіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, ол Су кодексін әзірлеу Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жасалып жатқанын және салаға басшылық жасау мен жаңа Су кодексіндегі ведомствоаралық үйлестіру Экология министрлігіне жүктелгенін жеткізді. Жаңа Су кодексінің жобасы 2023 жылдың сәуір айынан кешіктірілмей Парламентке енгізілетін айтты.

 

Министрдің пайымдауынша, Су кодексінің жобасы дер кезінде қолға алынып отыр. Өйткені 2030 жылға қарай Қазақстанда су тапшылығы 23,2 текше шақырымға жетуі ықтимал. Министр келтірген деректерге қарағанда, орташа көпжылдық өзен ағыны 2000 жылдары 120 текше шақырым болған екен. Бүгінгі таңда ол шамамен 102 текше шақырымды құрап отырған көрінеді. Ал 2030 жылға қарай 99,4 текше шақырымға дейін қысқаруы мүмкін. Орташа көпжылдық өзен ағынының азаюяна климаттың өзгеруі және республика аумағында су ресурстарының біркелкі бөлінбеуі әсер етіп отыр.

 

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасына сәйкес су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың га дейін жеткізу көзделген. Осыған орай, қазіргі уақытта су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдар көлемі ұлғайып келеді. Әрине, бұған инвестициялық субсидиялау ықпал етіп отыр. Инвестициялық субсидиялау шеңберінде үнемдеу технологияларын сатып алуға жұмсалған шығынның 50 пайызын Үкімет өтейді. «Жасыл Қазақстан», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі» ұлттық жобалар аясында еліміздегі су тапшылығы және су шығынын азайту мәселелері оң шешімін тауып келеді.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста