Үкіметте агроөнеркәсіптік кешен мәселелері қаралды

Үкіметте агроөнеркәсіптік кешен мәселелері қаралды

Наурыз мерекесінен кейінгі алғашқы жұмыс күні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау бойынша, Үкіметте Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

 

Отырыс барысында көктемгі егіс жұмыстарына байланысты, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірқатар шұғыл мәселелері талқыланды. Атап айтар болсақ: көктемгі егіс жұмыстарына қосымша қаражат бөлу; ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу логистикасының негізгі проблемалары сөз болды.

 

Қазіргі сыртқы саяси ахуалдың Қазақстанға тигізіп отырған әсері де назардан тыс қалған жоқ. Өйткені, Ресейге салынған санкциялар әсерінен бірқатар ауыл шаруашылығы тауарлары қымбаттады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникалары, тұқым, генетикалық материалдар, минералды тыңайтқыштар және т. б. бар.

 

Жиын барысында Премьер-Министр отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажеттігі туралы айтты.

 

Премьер-Министр Әлихан Смайылов:

 

– Қысқа мерзім ішінде отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажет. Тұқым сұрыптары сапасызданып, өнімділік төмендеп барады. Жылдан жылға құрғақшылық белең алуда. Бұл жағдайда қуаңшылыққа төзімді әрі мол өнім беретін тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеу аса маңызды.

 

Бұған дейін Премьер-Министр Ә. Смайыловтың тапсырмасына бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, минералды тыңайтқыштардың бағаларын төмендету бойынша жұмысты жүзеге асырды. 16 наурыздан бастап аммиак селитрасының бағасы тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендетілді.

 

Сонымен қоса, Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қаржы және Ұлттық экономика министрлігімен және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында 70 млрд теңге сомасында қосымша бюджеттік несие бөлуді тапсырды.

 

Одан өзге, фермерлердің кепіл мәселелерін шешу мақсатында қажетті өтімді кепілдіктері бар астық және майлы дақылдар нарығының трейдерлері арқылы аграршыларға несие беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

 

Отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев  импорттық тәуелділікті төмендету үшін отандық тұқым сұрыптарын әзірлеу бағдарламасы туралы және отандық тұқымдарды өсіру жөніндегі жол картасы әзірленгені жайлы сөз етті.

 

Ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қажетті тауарлық-материалдық құндылықтарды уақытылы жеткізу, қосымша вагондармен қамтамасыз ету және Ресейден тұқым жеткізудің балама бағыттарын пысықтау – отырыста көтерілген өзекті мәселеленің бірі болды. Аталмыш мәселені ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Қазақстан темір жолы» АҚ-мен бірлсе отырып шешу жүктелді.

 

Отырыста көтерілген мәселелер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса маңызды. Премьер-Министрдің Үкімет жанындағы Жедел штабтың отырысын шұғыл өткізуі де сондықтан болса керек. Ендігі жерде, тапсырма алған министрліктер тегеурінді жұмыс атқарса, мәселе оң шешім табары анық.

 

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста