Суға түсушілер судағы қауіпсіздік ережесін ескере бермейді

Суға түсушілер судағы қауіпсіздік ережесін ескере бермейді

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша биылғы жылы суға шомылу маусымы басталғалы бері 300-ге жуық адам суға батып кеткен. Өкініштісі сол, суға кетушілердің елеулі бөлігін балалар құрайды. Ата аналардың немқұрайдылығы, қауіпсіздік ережесін сақтамауы балалардың төтенше жағдайдың құрбаны болуына әкеліп соғып отыр. Осы орайда айта кетер жайт, 130-ға жуық бала биыл суға кетіп, ажал құшқан. Мамандардың зерттеуінше, адамдардың суға батып кетіп, төтенше жағдай тудыруының басты себебі - шомылуға болмайтын орындарға түсу, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру және мас күйде шомылу секілді факторлар екен. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің келтірген мәліметінше "Көбіне мұндай оқиғалар адамның өзіне қатты сенгеніне, күші мен мүмкіндігін артық бағалауына, суда жүзу ережесін орындамауына байланысты болып жататын" көрінеді. Айта кетер жайт, еліміздің төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жыл сайын жаз айы басталып, суға түсу маусымы басталысымен тұрғындарды суда жүзудегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, алкоголь және есірткі қолданған кезде шомылмауға шақырады. Құтқарушылары жоқ аймақта мүлдем суға түсуге болмайтынын қатаң ескертеді. Алайда тұрғындардың бейқамдығы, айтылған ескертулерге құлақ аспауының соңы төтенше жағдайдың көбеюіне алып келіп соғып отыр. Шыны керек, мұндай жағдай мамандарды да алаңдатып отыр. Осы орайда медицина ғылымының докторы профессор Белгібай Шахметов "қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайтындарға қатысты талапты күшейту керек" деген пікірде. Белгібай Шахметов, Медицина ғылымының докторы, профессор, нарколог: - Бізде көбінесе өзінің қауіпсіздігі үшін айтылып жатқан нәрсені ескермейді. Күн ыстық болғанымен, судың тез жылып үлгермеуі салдарынан адамдардың сіңірі тартылып, тыныс алуы қиындап, жүрек соғысы тоқтап қалуы жиі кездесіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше рұқсат етілген аймақтарда ғана суға шомылу керек. Ең болмаса оқыс жағдай туындаған кезде құтқарушылар көмекке келіп үлгереді. Осы орайда айта кетер жайт, жалпы елімізде қауіпсіздік ережелері ескеріле бермейді. Кез келген жағдайда қауіпсіздік ережелері сақталған жағдайда төтенше жағдайлар мұндай көп болмас еді. Сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға қатысты айыппұл төлету секілді жауапкершілігін көтеретін жағдайларды қарастыруымыз керек. Сондай-ақ суға кетіп қайтыс болушылар туралы ашық айтылып, телеарна мен баспасөз беттерінді сақтандыру шаралары жиі насихатталуы қажет. Өрт пен су тілсіз жау. Тілсіз жаумен күрестің алдын алудың басты шарты қауіпсіздік шараларына мән беру екенін түсінетін кез жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста