Қазақстандағы волонтерліктің жайы қалай?

Қазақстандағы волонтерліктің жайы қалай?

Волонтерлік – бұл қайырымдылық жасау қозғалысы. Волонтерліктің ауқымы өте кең. Оны біз қазақша – Еріктілер деп жүрміз. Көне латын тілінен аударғанда voluntarius деген сөз шынымен-ақ сондай мағына береді.

 

Ал тәуелсіз Қазақстанда Еріктілер қозғалысы 1993 жылы біртіндеп басталды. Оған серпіліс берген Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы екені анық. Елімізде көптеген волонтерлік бастамалар мен топтар құрыла бастады. Ал, Еріктілер қозғалысы 2005- жылы елімізде «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасының дүниеге келуіне байланысты кеңінен қанат жайды. Ел мен жерді жасылдандыруға байланысты Еріктілердің қоғамдық үйлестіру орталығы - «SOS командасы» құрылды. Бұл басқа еріктілер ұйымдарының құрылуына мұрындық болды. Волонтерлік қозғалыстың даму динамикасы былай болып отыр: 2013 жылы Қазақстан волонтерлік қозғалыс дамыған 140 елдің ішінде 66 орында тұрған еді. Одан кейін жоғары-төмен сырғи бердік.  Мысалы, 2014 жылы – 101 орында, 2015 жылы 56 орынға көтерілдік. Ал, 2019 жылдан бастап, тұрақты түрде «ортаға», 78 орынға тұрақтадық. Еріктілердің орны әрі-бері сырғи беруінің өзі бізде әлі де болса бұл қозғалыстың толық қалыпқа келе алмай тұрғанын көрсетсе керек. Яғни, волонтерлік қозғалыстың әлі де мүмкіндігі көп деген сөз. Расында да Қазақстанда волонтерлік қозғалыстың дамуына мемлекеттік тұрғыда мән беріліп отыр. Әсіресе, 2016 жылы «Волонтерлік қызмет туралы» заңның қабылдануы бұл қозғалыстың дамуына серпін беріп, мемлекеттің әлеуметтік және жастар саясатының басым бағыттарының бірі екенін көрсетті. Республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020-жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялауы - сол саясаттың бір дәлелі болып, Қазақстан еріктілерін тың бастамаларды қолға алуға жетеледі. Ел билігінің волонтерлер қозғалысын қолдауы еріктілер институтын күшті әлеуметтік лифт ретінде қалыптастырып, жастардың өмір мектебінен өтіп, әлеуметтік жауапкершілік жүгін көтеруге тәрбиелей бастады. Сонда біз қандай әлеуметтік жауапкершілік мәселесін айтып отырмыз? Волонтерлер ауыз толтырып айтарлықтай не істеді?

 

Елімізде жыл сайын көптеген халықаралық және республикалық ірі шаралар өтіп жатады. Мысалы, 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада. Бұл әлемдік додаға келген конақтар мен көрермендерге  үш мың ерікті қызмет көрсетті. Ал сол жылы Астанада  өткен «ЭКСПО - 2017» көрмесінде қызмет жасаған еріктілердің саны  төрт мыңнан асты. Оған әлемнің 46 елінен келген 150 волонтерді қосыңыз. Әрине, еріктілер тек думан-той мен халықаралық жиындарды ғана емес, қиын жағдайлар мен табиғи апат салдарымен күрес кезінде де өлшеусіз үлес қосады. Мысалы, Арыс қаласындағы әскери қойма жарылған кезде, еліміздің түкпір-түкпірінен еріктілер үн қосып, жарылыстан зардап шеккен жандарға риясыз көмек көрсетті. Ал, «Ковид - 19» пандемиясы бүкіл әлемді шарпыған кезде еріктілер үнсіз қалған жоқ. Олар «Казволунтер.кз» платформасын ұйымдастырып, эпидемияны тоқтатуға қолынан келген шараларды жасауға тырысты. Жалпы, волонтерлік – бұл халқымызға тән қайырымдылық қасиеттің заманауи бейнесі екеніне сөз жоқ. Еріктілер – аты айтып тұрғандай, қайырымдылық шараларынан пайда табуды көздемейді. Олар тегін жұмыс істейді. Еріктілер осылайша өздерін қоғамнан тыс қоя алмайтынын көрсетеді және өзгелердің оянуына сеп болсақ дейді. Міне, бұл азаматтық қоғам орнатуға жеткізетін басты қасиеттің бірі. Сондықтан да оған өз алдына бөлек қоғамдық институт ретінде қараймыз. Мұндай жастар ұйымдарының жұмыстарын үйлестіріп отыру қажет те болар. Сондықтан да еріктілердің «Біргеміз» атты фронт-кеңсесі құрылды. Бұл фронт-кеңсе республикадағы барлық еріктілер жобаларын шолып, зерттеп отырады. Қажет болған жағдайда үйлестіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен сарапқа салатын болсақ, еліміздегі еріктілер қозғалысы негізгі жеті бағытта дамып келеді екен. Ол бағыттар мен атқаратын істер: ҰБТ дайындау, шет тілдерді үйрету, ауылдағы жоғарғы сынып оқушыларының компьютерлік және құқықтық сауатын көтеру, қарттар үйі мен халыққа қызмет көрсету орталықтарына еріктілерді жұмылдыру, балалар үйіндегі сәбилерге тәрбие беру, волонтерлерді денсаулық саласына жұмылдыру, мүгедектерге жәрдем беру, айнала қоршаған ортаны қорғап, орман, тоғай, көлдерді тазалауға ат салысу, жұртшылықты тарихи, мәдени мұраларды қорғауға жұмылдыру, табиғи апат кезінде жоғалғандарды іздеу мен төтенше жағдай салдарымен күреске үлес қосу деген сияқты қайырымдылық шаралары олар. Осы істердің әрқайсы бойынша тәжірибе жинаған жастар бар. Оларды амбассадор деп атайды. Қазақша айтқанда – елші. Сол елшілер фронт-кеңселерде өз тәжірибелерімен бөліседі.  

 

Қазақстандағы алғаш волонтерлік қозғалыс 1993 жылы басталды дедік. Яғни, бүкіл әлемде кеңінен қолдау тауып, миллиондардың алғысына бөленген Еріктілер қозғалысының Қазақстанда бастау алғанына биыл 30 жыл толады. Қайырымдылық шарасы – әрбір азаматтың жүрегінен туатын қарапайым іс дегенмен, оның азаматтық қоғам құрудағы үлкен институттық ролін ескеріп, Қазақстан волонтерлік қозғалысының 30 жылдығын атап өткен дұрыс болады. Бұл әрбір азаматтың азаматтық парыз сезімін түртіп оятып қоюмен бірдей.

 

 

 

 

С. Ақынжанов  

      

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста