«Қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға қомақты айыппұл салынуы керек»

«Қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға қомақты айыппұл салынуы керек»

Кез келген төтенше жағдайдың туындауына қауіпсіздік ережесінің сақталмауы себеп болып жатады. Қыста пешті пайдаланудың да, жағажайларда суға түсудің де, өрттің алдын алудың да, тіпті зілзаланың алдын алу кезінде де әрқайсысының алдын ала жазылған, тиісті тұлғалар сақтауы тиіс, өзіндік қауіпсіздік ережесі бар. Көп жағдайда осы қауіпсіздік ережесінің сақталмауы төтенше жағдайдың туындауына ықпал етіп жатады. Сондықтан төтеншелік мамандар «Қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға қомақты айыппұл салынуы керек» деген ұстанымда.
Рас, қазір де қауіпсіздік ережесін сақтамағандарға айыппұл салынып жатады. Алайда жазаның жеңілдігі тұрғындарымыздың қауіпсіздік ережесін «ұмытып кете беруіне әсер ететін секілді». Мәселен шомылу маусымы басталғалы бері рұқсат етілмеген жағажайларда шомылған 20 алматылыққа айыппұл саланыпты. Рұқсат етілмеген аймақ құтқарушылармен, арнайы санитарлық, қауіпсіздік нормаларымен сақтандырылмағандықтан ол жерлерде жиі жиі төтенше жағдайлар тіркеліп жатады. Айналып келгенде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін төтеншелік мамандар ескерту жасап, сақтандырғанымен тұрғындар оны елемек түгілі, кейбір жағдайларда төтенше жағдайлар қызметі мамандарына қарсы шығып та жатады. Алайда мамандар дәл осы рұқсат етілмеген аймақтарда суға кету оқиғалары жиі кездесетінін айтады. Қазірдің өзінде тұрақты түрде жасалып отырған ескертулер мен рейдтерге қарамастан, азаматтар күнделікті судағы қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастырып жатқан көрінеді. «Демек әлі де болса жазаны қатайтып, айыппұл көлемін арттыру керек» дейді төтеншелік мамандар.
Жалпы республика бойынша суға шомылу маусымы басталғаннан бері Төтенше жағдайлар қызметі тарапынан жүздеген рейдтер ұйымдастырылып, мыңдаған жаднамалар таратылған. Бір ғана Алматы қалалық Төтенше Жағдай Департаментінің қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметінің өкілдерімен Алматы қаласының су айдындарында 172 рейд жүргізіліп, 4000-нан астам жадынама таратылған екен. Алайда таратылып жатқан суға түсудің ережесі жазылған жаднамаға қарамайтындар да жетерлік екен. «Өзінің қауіпсіздігі, ең алдымен өзіне керек екенін ұғына бермейді» дейді төтеншелік мамандар. Жалпы биылғы жылдың басынан бері су айдындарында құтқарушылармен бес адам құтқарылған оның біреуі бала екен.
Айдын Әлімханов, Алматы қалалық, Медеу аудандық учаскелік полиция қызметкері:
- Суға көбінесе ішімдік ішіп түскендер кетіп қалып жатады. Спирттік ішімдіктерді ішкені және арнайы рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын естеріңізге саламыз. Ол 12 625 теңге көлеміндегі айыппұл. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ережеге сәйкес кішкентай балалар суға шомылғанда міндетті түрде ересектердің бақылауында болулары керек; жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз; жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар; қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз; түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.

«Жабайы» жағажайлар бойынша рейдтер суға шомылу маусымының соңына дейін жалғасатын көрінеді. Сонымен қатар, патрульдеу барысында шомылу кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, жадынамалар таратыла береді. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды суда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету ережелері, суға батушыларды құтқару тәсілдері және құтқару құралдарын пайдалану ережелері туралы хабардар етеді.
Қауіпсіздік ережесін сақтауға қатысты тұрғындардың немқұрайлы көзқарасы өрттердің де жиі тұтануына себеп болып жатады екен. Осыған орай төтеншелік мамандар «көп қабатты және тұрғын үйлердің жанғыш заттармен, синтетикалық бұйымдармен және әртүрлі тұрмыстық техникамен көп болуына байланысты, бұл өрттердің пайда болуының ықтимал мүмкіндігін арттырады, сондай-ақ синтетикалық материалдардың жануы кезінде улы газдардың бөлінуінен адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп арта түседі дейді. Өрттің негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы, электр құралдарын пайдалану және жем - шөп жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, ал қыс мезгілінде пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы және түтін мұржаларының ақаулығы болып табылады екен. Тұрғындардың немқұрайдылығы салдарынан өрт оқиғалары азаймай тұр. Мысал келтірер болсақ Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында – 362 өрт тіркеліп, олардан келтірілген материалдық шығындары – 31 млн. 965 мың теңгені құраған. Өртте қаза болғандар – 3 адам болса, оның біреуі бала екен.
Кез келген төтенше жағдайдың салдары ауыр. Қайғылы жағдайлармен аяқталу қаупі басым. Жыл сайын демалушылардың қауіпсіздік ережесін сақтамауы салдарынан бірнеше гектар орман өрттері орын алып, демалушылардың соңында күл мен жалын қалып, мемлекетке өте қомақты залал келіп жататын көрінеді. Сондықтан қауіпсіздік ережесінің маңыздылығын халқымызға ұқтыру бүгінгі күні бірінші кезектегі мәселеге айналып отыр.
Қуаныш Ерсұңқар
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста