Ет пен сүт өнімділігі жемшөпке тікелей байланысты

Ет пен сүт өнімділігі жемшөпке тікелей байланысты

Жемшөп  — малды қоректендіруге пайдаланылатын өнімдер, және олар өсімдіктекті, жануартекті және минералдық болып үшке бөлінеді. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дәнді және өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Оған табиғи және екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б. жатады. Ірі азық құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Оған пішен, сабан, т.б. жатады.

 

Жем — қоректік заттарға бай мал азығы. Жеммен қоректендіру арқылы мал мен құстың күнделікті және жылдық қорек рациондары реттеледі. Ет пен сүт өнімділігі жақсы болу үшін мал мен құстың қорегінде Жем сауын сиырда 15 — 20%, шошқада 50 — 70%, қойда 5 — 10%, жылқыда 40 — 65%, құста 75 — 90% мөлшерінде болуы керек.

 

Шабындық жерлер

 

Мамандардың айтуынша, елімізде жыл сайын мал басы артып келеді. Ал шабындық жерлер аз. Статистикалық деректрге сенсек, 2010 жылдары еліміздегі шабындық жерлердің көлемі 4,7 млн.  Гектарды құраған екен. Яғни 39 гектар жайылымға бір гектар шабындықтан ғана келген. Жалпы шабындық жерлердің азаюы өткен ғасырдың 50-70 жылдарында басталған. Сол уақытта астық өндірудің көлемін арттыру мақсатында шабындық жерлер жыртылып, егіс алқабына айналып, нәтижесінде мал азығын дайындау бойынша мәселе туындаған. Сол себепті 70-80-ші жылдары амалсыз, пішен табиғи жайылымдардан дайындала бастады. Соның есебінен шабындық жерлер көлемі 15-20 млн. гектарға жеткен. Алайда мұндай шабындықтардан түсетін өнім төмен болып, мал шаруашылығына бірқатар зиянын тигізді. 90-шы жылдардың ортасынан бастап егістік жерлерге дәнді және  мал азықтық дақылдарының себілмеуі  салдарынан егістіктерді арамшөп басып, пайдасы жоқ алқаптарға айналған.

 

Десе де, Ауылшаруашылығы министрлігінің соңғы мәліметері бұл мәселеде оң динамика барын көрсетіп отыр. Министліктің мәліметінше, 2021 жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша  малға қорегіне қажетті екпе шөп алқабы 3,2 млн гектарды құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға артқан. Ал дәнді дақылдардың егіс алқабы 2,6 млн гектарға жеткен. Ал бұл Қазақстандағы бар малды қыстан аман алып шығатындай жем-шөп дайындауға толық мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда, елімізде пішен шабуға жарамды 7,3 млн гектар шабындық жер бар. Онда 4 мыңнан аса шөптесін өсімдік түрі өседі. Шабындық жерлердің басым бөлігі еліміздің орталық және солтүстік аймақтарына тиесілі. Ал оңтүстік өңірде, салыстырмалы түрде шабындық жерлер жоқтың қасы. Сондықтан да аталмыш өңірлерде малдың қыстық шөбін дайындау біржылдық немесе көпжылдық шөптегі өсімдік өсіру арқылы жүзеге асырылады.

 

Өткен жылы еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында болған қуаңшылық салдарынан жемшөп бағасы қымбаттады. Оған көрші елдердегі жағдай да кері әсерін тигізді. Мамандардың айтуынша, ет құнының 70 пайызын жемшөп бағасы құрайды екен. Демек, жемшөп бағасының артуы, ет және сүт өнімдері бағасының өсуіне пропорционалды деген сөз. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігіне жемшөп бағасы тікелей әсер етеді.

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста