Баға – мақта өсіруші шаруалардың басты мәселесі болып тұр

Баға – мақта өсіруші шаруалардың басты мәселесі болып тұр

Соңғы жылдары баға мақта өсіруші шаруалардың бас ауруына айналып тұр. Өйткене жаз бойы 45 градус шіліңгір атап ыстықта еткен еңбегіне төленетін ақы айлыққа жетсе, шайлыққа жетпей отырған көрінеді. Осылай деген шаруалар бірі екі болмай, әрең күнелтіп отырғанын айтады. Бір кездері «Ақ алтын» деп, алтынға теңелген мақтаның бағасы бұл күнде неге төмендеп кетті?!

 

Жалпы тарихқа көз жіберсек мақта ең алғаш Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу мемлекеттерінде өсірілген екен. Ал қазақ жерінде мақта шаруашылығы Түркістан жерін суландыруға байланысты 1918 жылы қолға алынған. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін 1924 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өсірумен айналысатын Мақтаарал ауданы құрылды.

 

Мақта ауыл шаруашылығы үшін аса пайдалы өсімдіктің бірі. Өйткені мақтадан бірнеше өнім түрі алынады. Мысалы: Мақта – тоқыма өнеркәсібі үшін негізгі шикізаттың бірі. 1 тонна шиітті мақтадан 330–360 кг талшық алынса, сол талшықтан 3000 метр мата тоқуға болады. Сонымен қоса, 100–110 кг тағамдық, техникалық май, 30–40 кг қысқа талшық, 550–580 кг тұқым алынады. Ал мақта тұқымының құрамында 20-25 пайыз май болады. Яғни 1 тонна тұқымнан 170 кг мақта майы алынады. Сондай-ақ, малға жем ретінде пайдаланылатын 400-420 кг күнжара, құрылыс саласында пайдаланылатын – олифа, медицинада кәдеге асатын глицерин өндіріледі. Одан бөлек мақтадан этил, метил спирттерін, лак, қағаз, целлюлоза алуға болады. Оның сабағын жергілікті халық отын ретінде де пайдаланады.

 

Сондықтан да болар Кеңес үкіметі мақта шаруашылығын дамытуға мықтап көңіл бөлді. Өткен ғасырды 60 жылдары «Бос жатқан жерлерді игеру» атты бағдарлама қабылдап, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына қарасыты Мырзашөл өңіріне қол салды. Мырзашөл жерінде мақта өсіру ала тақиялы ағайынға жүктелді. Сол сылтаумен 1958 жылы  Мырзашөл жерін Өзбекстанға 20 жылға жалға берді, 1978 жылы жалға беру мерзімі тағы 20 жылға ұзартылды. Қысқа мерзім ішінде каналдар тартылып, жол салынып, газ, электр желісімен қамтылған жүздеген совхоздар бой көтерді. Ол совхоздарға өзбектерді көшіріп әкелді. Бұрын мал бағып отырған тұрғылықты қазақтар да, енді мақта шаруашылығымен айналысты. Мақтаның пайдасын білген Кеңес үкіметі 80-жылдары Өзбекстанда мақта өндірісі көлемін 5 млн тоннадан асырды. Бұл тұста Қазақстанда да мақта шаруашылығының даму деңгейі жоғары болды. 1980 жылы 358000 тонна мақта шикізаты өндірілді. Тиісінше, мақта өсірумен айналысқан шаруалардың тұрмыс жағдайы жақсы болды.

 

Егемендік алған тұста бұрынғы совхоздар мен колхоздар тарап, жер жекеменшікке берілді. Сол кездерден бастап Қазақстанда мақта өндірісі жылдан жалға төмендей бастады. Бұл тенденция 1999 жылға дейін жалғасты. 1999 – 2007 жылдарда мақта шаруашылығында оң өзгеріс байқалды. Оның басты себебі ел экономикасының тұрақтануы болды. Мақта бағасы біршама жоғарылап, дихандардың да жағдай жақсара түсті. Десе де 2009 жылдан бастап мақта өндірісі төмендей бастады. 1980 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мақта өндірісінің көлемі 24,6 пайызға төмендеді.

 

Мамандар соңғы жылдары мақта шаруашылығындағы құлдырауды, мақта талшығына деген сұраныстың азаюымен және бағаның төмендеуімен түсіндіреді. Одан бөлек, жерлердің жекеменшікке өтуімен байланысты агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізілмеуі де өнімділіктің төмендеуіне алып келді дейді мамандар.

 

Ал шаруалардың айтуынша, өнімділіктің төмендеуіне бағаның төмен болуы себеп. «Табыс аз болғандақтан дер кезінде, қажетті мөлшерде агротехникалық шараларды жүргізе алмаймыз» - дейді шаруалар. Сондықтан да шаруалар тыңайтқышқа, күзде жердің тұзын шаю үшін пайдаланатын суға субсидия берілсе деген ұсыныс айтады. Дихандардың айтуынша биылғы жыл мақтаның бағасы тоннасына 400 мың теңгеден аспайын деп отыр. Ал бұл шыққан шығыннан артпайды дейді олар.  Шаруалардың айтуына қарағанда, көрші Қырғыз елінде биылғы жылы мақта бағасы 475 мың теңге болса, Өзбекстанда баға  525 мың теңгені құрап отырған көрінеді. Бұған министрлік мамандарының айтар өз уәжі бар. Олардың айтуына қарағанда, біздегі мақта бағасы Ливерпуль биржасының индексіне сәйкес белгіленеді. Өйткені Қазақстанның мақтасы сол биржа арқылы сатылатын көрінеді. Яғни бұл жерде шығынға тасымалдау құны да қосылады. Ал Қырғызстан мен Өзбекстан мақтаны шетке сатпайды. Олар өндірген өнімін жергілікті жеңіл өнеркәсіпке пайдаланады екен. Сондықтан ол елдерде мақта зауыттары шаруалардан мақтаны қымбат бағада қабылдайтын көрінеді.

 

Қазақстандық мақта өсірушілер көтеріп отырған тағы бір мәселе мақта зауытарына қатысты болып отыр. Шаруалардың айтуынша, зауыттар өзара келісіп, мақта бағасын төмендетумен қоса, таразыға түскен әр бір тонна мақтадан стандартта көрсетілгеннен артық ұстап қалады екен. Оған қоса мақтаны төменгі сортпен қабылдайтын көрінеді. Олдан бөлек зауыттар мақта бағасын бірден белгілемейді. Сондықтан шарулар зауытқа өткізген мақтаның әр тоннасы үшін болжамды бағаның 50-60 пайызын ғана алады. Қалған ақша зауыт нақты баға шығарған соң ғана шаруаның қолына тиеді. Яғни, ол келесі жылдың еншісіне қалады. Мамандардың айтуыншы биылғы болжамды баға 1 тонна мақта үшін 400 мың теңге. Демек, дәл бүгінгі күні шаруалар зауытқа өткізген мақтаның әр тоннасы үшін 200-250 мың теңге төңірегінде ақша алып отыр деген сөз. Дәл осылай кете берер болса, шаруалар мақта өсіруден біржолата бас тартуы мүмкін. Сондықтан да шаруаларға Үкіметтен, министрліктен қолдау қажет ақ.

 

Шаруалардың ісі алға басу үшін қолдау қажет екені туралы мемлекет басшысы жоғары мінберден үнемі айтып келеді. Президент 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аттты Жолдауында дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерген болатын. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығы еліміздің негізгі ресурсы. Алайда біз барлық мүмкіндіктерді толық пайдалана алмай отырмыз. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, дихандар мен шаруаларға өндірген өнімдерін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуіміз керек. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласына инвесторлар тарту мәселесін шешуіміз қажет» деген болатын.

 

Әрине мемлекет қол қусырып қарап отырған жоқ. Биылғы жылы күзгі жиын терім жұмыстарына мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 48 мың тонна жанар-жағар май бөлінген. Сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға 6 млрд.тг бөлінген. Оған қоса пестицидтер мен биопрепараттарды субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, тұқым  құнын арзандату үшін 600 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Алайда, шаруалар бөлінген қаржының дер кезінде, тиісті мөлшерде қолға тимейтінін айтады. Олардың пайымдауынша, оған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлақ пен бюрократ шенділер кедергі келтіріп отыр.

 

Бір қызығы, биылғы жылы әлемда мақтаға деген сұраныс күрт артып, бағасы қымбаттағын, ал бізде мақта бағасы арзан. Әлемде мақта бағасының қымбаттауына жер бетін жайлаған құрғақшылық себеп болып отыр. Әлемдік ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда, биыл дүние жүзі бойынша шамамен 5 млн га жерге мақта егілген болса, соның тек жартысынан ғана өнім алынған. Соның салдарынан мақта өндіруде алпауыт саналатын Үндістанның өзі мақта импорттауға мәжбүр болып отырған көрінеді. Мұндай мәселе АҚШ пен Бразилияда да туындаған. Мамандардың пайымдауынша, бұл тенденция әлемде киім мен қағаздың қымбаттауына әкеліп соқтырады.

 

Мамандардың пайымдауынша, әлемдік нарықта қазақстандық мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен. Оған мақта сортының төмен болуы тікелей ықпал етіп отыр. Бағаның арзан болуының бір себебі де осында. Сол себепті мамандар, шаруаларды жаңа бетбұрыс жасап, өнімнің сапасын жақсартуға шақырады. «Егер бағасы қымбат болсын десек мақтаның сорты жоғары болу тиіс. Ол үшін өзіміздің елден шыққан мақта тұқымының элиталық сортын пайдалануымыз қажет. Олай болмаған жағдайда әлемдік нарықтағы орнымызды жоғалтып алуымыз мүмкін» - дейді мамандар.

 

Иә, мамандардың алаңдауы да бекер емес секілді. Өйткені біздің елде мақтаның өнімділігі жақсы. Бүгінгі таңда шаруалар әр га жерден 28 центнерден аса мақта жинап отыр. Көрсеткіш жақсы, алайда сапа көңілден шықпай тұр.

 

Бүгінгі таңда әлем халықтары 20 млн. 800 мың тонна мақта талшығын тұтынады екен және жыл сайын бұл сұраныс 3 пайызға өсіп отырған көрінеді. Көріп отырғанымыздай, әлемдік нарықта мақтаға деген сұраныс өте жоғары болып тұр. Яғни, осы оңтайлы сәтті дұрыс пайдалануымыз қажет. Бір кездері әлемдік нарықта жоғары бағаланған Қазақстан мақтасының бағасы мен сапасы неге төмендеп кетті? Бұл мәселенің шешімін Үкімет пен шауалар бірлесе отырып, таяу арада шешуі қажет секілді.

 

 

Қалдар Кумекбаев

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста