Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуеті қандай?

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуеті қандай?

Бірқатар мемлекеттік активтерді біріктіріп, белгілі бір аймақта бизнес бастамаларды дамытуға шақыратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құруды еліміздің тұңғыш Президенті жаңа жүзжылдықтың алғашқы жылдары ұсынған болатын. Осыған орай 2008 жылы "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы дайындалып мәжіліске ұсынылды. Алайда алғашқы заң жобасын мәжіліс кері қайтарды. Аталмыш заң пысықталып, толықтырулар енгізіліп, 2009 жылдың желтоқсан айында Үкіметтің қаулысы шықты.

 

Ең алғашқы Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы – «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2010 жылы наурыз айында құрылды. Оның акционері «Алматы қаласы қаржы басқармасы» болды. Артынша басқа өңірлерде де Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрыла бастады. Бүгінгі таңда мұндай құрылымдар барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басты мақсаты – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету. Яғни аймақта корпорацияның институционалдық дамуы, активтердің тиімді басқарылуы, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін аттыру, өңірде бизнесті дамыту, мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті нығайту, аймақта инвестициялық тартымдылықты арттыру, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық жобаларды іске асыру, аймақта арнайы индустриялық аймақтарды дамыту, технопарктер құруды қолға алу.

 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың коммерциялық корпорациялардан айырмашылығы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациядан түскен пайда сол аймақтағы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, өңірдің экономикасын дамытуға жұмсалатын болады.

 

Десе де, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында көңіл толмайтын тұстар баршылық. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында сөз қозғаған болатын. Президент әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысында ашықтық болу керек екенін, сондай-ақ бұл құрылымды толыққанды институтқа айналдыратын кез келгенін жеткізді. «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын толыққанды институтқа айналдыратын уақыт келді. Аймақтық корпорациялар жұмысы ашық және толығымен қоғам бақылауында болуы қажет. Дәрменсіз және мардымсыз активтер оның қарамағынан шығарылуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жергілікті бизнестің бәсекелесі емес, сенімді серіктесі болуы қажет екенін айтты. «Аймақтар арасында теңгерімді даму болмаса, азаматтардың әл-ауқатын арттыру туралы сөз қозғаудың өзі артық. «Қуатты өңір - Қуатты мемлекет» қағидасы - құр сөз емес. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың әлеуетін арттыру мақсатымен құрылды. Енді әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды толыққанды институтқа айналдыратын кез келді. Бұл құрылымның қызметін үйлестіру үшін ауқымды жұмыс атқарылуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

 

Қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өткелі үш жылдың жүзі болса да әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысы әлі де оңалмаған тәрізді. Өйткені осы жылдың басында Қасым-Жомарт Тоқаев, квазимемлекеттік сектордың жұмысын қатаң сынға алып, мысал ретінде «Самрұқ-Қазына» қорының қызметі туралы айтты. Мемлекет басшысы Қор жұмысында ашықтық пен функционалдық жоқ екенін тілге тиек етіп, егер жағдай өзгермейтін болса бұл Қормен қош айтысуға дайын екенін жеткізді.

 

Жалпы, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысына әлеуметтің де көңілі толмайтын секілді. Осы жылдаң ақпан айында мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың атына депутаттық суал жолдады. Депутаттың айтуынша, бұл ешқандай ортақ ережесіз құрылым. Оны жергілікті билік әркім өз білгенінше қолданып отыр. «Бүгінгі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация делдалдың рөлін атқарып отыр. Олардың кім екені түсініксіз. Корпорация бизнесті қолдау орнына, олардың проблемасына айналуда», - деді депутат. Мысал ретінде, депутат, пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беру, жер телімін алу, немесе инфрақұрылым жасау кезінде, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жарғылық капиталға бір тиын үлес қоспастан мекеменің меншігіне 30%-ға дейін қатыстыруын талап ететінін айтады. «Бұрын кәсіпкер мұндай рұқсатты жергілікті органдардан тікелей және тегін алған», - дейді депутат. Сондықтан, депутат «оларды таратуға жататын тиімсіз институт деп тану қажет» деген ұсыныс айтты.

 

Мұндай ұсынысты осы жылдың 5 қазан күні өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Дания Еспаева да жасады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын сынға алған депутат «Бұл құрылымның негізгі мақсаты өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қолғабыс ету. Алайда іс жүзінде олар тұрақтандыру қорының қаражатына билік ететін әкімдіктер жанындағы шаруашылық ведомстволарына айналған», - деді депутат. Сондай-ақ, депутат әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда сыбайлас жемқорлық етек жайғанын жайып салды. «Аазық-түлік бағасын тұрақтандыруға 39 млрд теңге жұмсалған, бірақ нәтиже жоқ. Несиелер үлестес компанияларға берілген. Осы дерек бойынша әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс тіркелген. Ал шығын 7 млрд теңгеден асқан», - дейді халық қалаулысы.

 

Расымен де, тұрақтандыру қорларының дәрменсіздігін биылғы жылы көз көріп, құлақ естіді. Азық-түлік бағасы ешкімге де, еш нәрсеге де бағынбай шарықтап кетті. Сала мамандары бағаның шарықтауын геосаяси жағдаймен бүркемелеп әлек болды. Шын мәнінде бағаның шарықтауына жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен бақылаудың болмауы себеп болған секілді. «Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді», дегенді қазақ тектен тек айтпаған. Бұл құрылым жұмысында ашықтықтың болуын қадағалау, бақылауды күшейту туралы мемлекет басшысы да тапсырма беріп отыр. Енді әліптің артын бағайық!

 

 

Қалдар Кумекбаев

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста