2,5% несие - жастардың кәсіп ашуына мүмкіндік беретін жоба

2,5% несие - жастардың кәсіп ашуына мүмкіндік беретін жоба

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар саясатын әркез өз назарында ұстап келеді. Президен 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында жастар мәселесіне айрықша тоқталып, «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету жалғасады. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді» - деген болатын.

 

Президент тапсырмасын орындауды жедел қолға алған Үкімет шұғыл іске кірісіп, жастарға 2,5%-бен несие беру тетігін жасады. Бұл шараны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолға алды. Министрлік 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жастарға жеңілдетілген шағын несие беру қағидаларын бекітті.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 2021 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген болатын. Ұлттық жобаны әзірлеудегі мақсат – бизнесті дамыта отырып, халықты жұмыспен қамтуды арттыру; орта бизнеске сүйене отырып, экономика салаларын әртараптандыру; бәсекелестікті кешенді дамыта отырып, кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдай жасау. Яғни бір сөзбен айтқанда, кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету.

 

Жастарға жеңілдетілген тәртіппен, жылдық өсімі 2,5 пайыздан аспайтын шағын несие беру Ұлттық жобаны жүзеге асырудың бір көрінісі. Әрине, жеңілдікпен берілетін 2,5 пайыздық шағын несие елдің бәріне бірдей беріле бермейді. Оның өзіндік талаптары мен шарттары бар. Яғни, аталмыш несие конкурстық негізде 21-35 жас аралығындағы жастарға беріледі. Конкурстық комиссияның шешімімен бизнес-жобалары үздік деп танылған үміткерлер микрокредит иегері атанады. Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Бизнес-жоспары үздік деп танылған жоба иелері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органмен және Аграрлық несие корпорациясымен арада микрокредит беру туралы шарт және кепіл шартын жасайды. Бұл келісімшарттарда тараптардың жауапкершілігі, құқықтары мен міндеттері айқындалады. Келісім-шартқа сәйкес, Аграрлық несие корпорациясы кез-келген уақытта қарыздың мақсатты және тиімді жұмсалуын тексере алады. Егер несие алушы қарызды қайтармаса, не алған қаржыны мақсатсыз жұмсаса, ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда кепілге қойылған мүліктен айырылып қалуыңыз мүмкін. Мұны әрбір несие алушы жадында сақтауы тиіс.

 

Шағын несие 5 жылға, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға 7 жыл дейінгі мерзіммен беріледі. Несиені қайтару бойынша да жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 аспайды. Демек несиені 7 жылға алсаңыз, қарызды қайтаруды тек 2 жыл 4 айдан кейін бастайсыз. Ал, егер несие 5 жылға, яғни 60 айға берілсе, жеңілдікті кезең 20 айды құрайды. Бұл несие алушының кәсібін дөгелетіп, табыс тауып, несие қарызын еш қиындықсыз қайтаруына мүмкіндік береді.

 

Жеңілдетілген микрокредит 2023 жылдың наурыз айынан бастап 21-35 жас аралығындағы жастарға беріледі. Несиені жаңадан кәсіп ашам деушілер немесе бар кәсібін кеңейтуге ниетті жастар ала алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше биылғы жылы 5,8 мың адам 5 млн теңге сомасындағы микрокредитке қол жеткізетін болады.

 

2023-2025 жылдары бұл мақсатқа мемлекеттік бюджеттен 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың микрокредит беру қарастырылып отыр. Таратып айтар болсақ: 2023 жылы – 28,9 млрд теңге сомасына 5,8 мың микрокредит; 2024 жылы – 30,3 млрд теңге сомасына 6,1 мың микрокредит; 2025 жылы – 31,3 млрд теңге сомасына 6,3 мың микрокредит.

 

Аталмыш бағдарлама 2029 жылға дейін жалғасын табады деп күтілуде. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында айтылған болатын. Демек, жастардың кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетіп әкетуіне мүмкіндік мол.

 

 

 

Қ. Кумекбаев

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста